AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Губада Екінші қазақ-әзербайжан туристік форумы өтт...

Губада Екінші қазақ-әзербайжан туристік форумы өтті

Әлем 10.09.2025, 19:55 617 Сұлу
Губада Екінші қазақ-әзербайжан туристік форумы өтті
Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігі

2025 жылғы 7-9 қыркүйекте Әзербайжанның Губа қаласында Екінші қазақ-әзербайжан туристікфорумы өтті. Үш күндік іс-шараға Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел, Губа қаласынан сайланған Милли Мәжіліс депутаты Алибала Магеррамзаде, Әзербайжан Туризмжөніндегі мемлекеттік агенттігінің өкілдері, қоғамқайраткерлері және екі елдің
56 туристік компанияларының өкілдері қатысты.

Елші Әлім Байел өз сөзінде екі бауырлас ел арасындағы туристік трафиктің өскенін қанағаттанушылықпен атап өтті. Дипломат Әзербайжанға Орталық Азиядан келетін барлық туристердің шамамен 50%-ы  Қазақстанның үлесіне тиетініне назар аударды. Қазақстан Әзербайжанға келетін туристер саны бойыншаРесей, Түркия, Үндістан, Иран және Грузиядан кейін 6-шы орында. Әзербайжан қазақстандықтарды Бакудың сұлулығымен, көркемтабиғатымен, мәдени және тіл жақындығымен, сондай-ақ тұрақты тікелей әуе рейстерінің болуымен қызықтырады.

Ә. Байел қазақ-әзербайжан инвестицияларын тарта отырып, Қазақстандағы Алакөл жағасында санаторий-курорттық кешеннің салынуыжоспарланып отырғанын атап өтті. Заманауи кешеннің құрылысы екі елдің туристік саладағы ынтымақтастығында маңызды меже болмақ.

Депутат А. Магеррамзаде Қазақстаннан Әзербайжанға ғана емес, кері бағытта да туристер ағынын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Парламентарий туристік сала екі халықты жақындастыруда, бір-бірінің мәдениеті мен дәстүрлерін зерделеуде маңызды рөл атқаратынына сенімді. Әзербайжан Туризм жөніндегі мемлекеттік агенттігінің, Қазақстан мен Әзербайжанның туристік компанияларының, сондай-ақ «AirAstana»әуе компаниясының өкілдері өз қызметтері мен туристік пакеттері, екі елдің табиғи сұлулығы мен көрікті жерлері туралы айтып берді.

Іс-шара аясында B2B кездесулерұйымдастырылып, қазақстандық қонақтарға серуендер арқылы Губа аймағының туристік әлеуеті паш етілді.

Алғашқы туристік форум 2024 жылы Қазақстанның Бакудағы Елшілігінде өтіп, екі елдің туристік секторы өкілдерінің қызығушылығын тудырған болатын. Екі ел арасындағы туристік ағындар бір жылда айтарлықтай өсті. Мәселен, Әзербайжан туризм жөніндегі мемлекеттік агенттігінің статистикасына сәйкес ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында Әзербайжанға 59000-ға жуық қазақ турист келді. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 58%-ға жоғары. Осы кезеңде Қазақстанға келген әзербайжандықтардың саны 48%-ға өсті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы
8 қыркүйекте жариялаған жыл сайынғы халыққа Жолдауында туризм инфрақұрылымын кешенді дамыту Үкіметтің негізгі басымдықтарының бірі екенін мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әзербайжан #форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);