Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Грузия мен Әзірбайжаннан әкелінген көліктерді қала...

Грузия мен Әзірбайжаннан әкелінген көліктерді қалай рәсімдеуге болады?

Әлеумет 24.09.2022, 08:35 1,411
Грузия мен Әзірбайжаннан әкелінген көліктерді қалай рәсімдеуге болады?
Сурет: Bizmedia.kz

Елімізге Грузия мен Әзірбайжаннан тасымалданған көліктер заң талаптарына сай рәсімделеді. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналинов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесуі барысында атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Комитет төрағасының айтуынша, ел аумағында уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алуға, сондай-ақ мұндай машиналарды пайдалануға тек кедендік тазартудан өткеннен кейін және тиісінше тиесілі кедендік баждар мен салықтарды төлегеннен кейін ғана болады.



«Жеке пайдалануға арналған шетелдік көлікті және өзінің автокөлігін әкелген шетелдік тұлғалар белгілі бір уақыттан кейін Қазақстан аумағынан (негізінен Грузия және Әзірбайжан азаматтары) кететіні байқалады. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына шетелдік жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекетте тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын бір жылдан аспайтын мерзімге уақытша әкелуіне жол беріледі. Уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін автомобильдер ЕАЭО аумағынан кетуге тиіс. Әрине, осы көлік құралдарын да заңдастыруға болады. Ол үшін бұл көліктер уәкілетті органның (ІІМ) белгілеген талаптарына сәйкес келуі керек. Мысалы, қылмыстық әрекеттерге қатысы бар автокөлік құралдары, «оң жақ рөлді» автокөліктер мен кедендік тазартудан өтпеген көліктер заңдастырылмайды. Қазіргі уақытта уәкілетті органмен шетелдік автокөліктерді заңдастыруға қатысты ҚР заңнамасына тиісті түзетілерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр»,- деді Данияр Жаналинов.



Комитет төрағасы сондай-ақ, базбір азаматтардың ауыр қаржылық жағдайына байланысты банк алдындағы қарыздарын кешіру жайын да түсіндіріп өтті. Жаңа заң жобасына сәйкес, ел азаматтарының кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіздігі кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу көзделген.



«Азаматтардың төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімін, сонымен бірге соттан тыс және сот банкроттығы рәсімдерін қолдану үшін негіздер, оларды жүргізу тәртібі мен шарттары белгіленген. Бұл ретте борышкердің жоғарыда көрсетілген рәсімдердің бірін қолдану мүмкіндігі берешектің мөлшеріне, мүліктің болуына немесе болмауына, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу немесе өндіріп алу рәсімін жүргізуге және басқа да талаптарға байланысты болады. Бүгінгі күні Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің қарауында (29 сәуір күні енгізілген). Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатында одан әрі талқылаудан өтеді, оған әлі де өзгерістер енуі мүмкін. Сонымен бірге, банктердің қызметі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда азаматтарға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне хабарласуларына болады»,- деді Данияр Жаналинов.




Басқосуда сонымен қатар көлік салығын төлеудегі кездесетін қателіктер мен мүлік салығын уақытылы төлемеген жеке тұлғаларға айыппұл санкцияларын салу тәртібі түсіндірілді. Өзбекстанмен шекарадағы кеден бекеттерінен тауар алып өту тәртібі мен көліктерді рәсімдеуге қатысты түрлі сауалдарға жауаптар берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Грузия #Әзербайжан #Автокөлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика