ffin.kz

Ғимараттар мүгедек жандардың кіріп-шығуына қолайлы болуы керек

Ғимараттар мүгедек жандардың кіріп-шығуына қолайлы болуы керек Cурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл тұрғыда Бостандық ауданында қандай жұмыстар атқарылуда?


Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мүгедектігі бар демесек, олар да - қоғамның толыққанды мүшесі. Олар да жақсы өмір сүруге құқылы. Төрт қабырғаға қамалып, үйде отырып қалмай, баратын жеріне еш кедергісіз, қоларбасымен де, сүйенген таяғымен де емін-еркін кіріп, шығуға тиіс. Бұл тұрғыда шаһарда қандай жұмыстар атқарылуда?


Әрине, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөлінуде. Олар үшін айналасының бәрі кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін ұдайы айтып келеді.


Кеше қалаға қарасты Бостандық ауданы әкімдігінің өкілдері мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, мегаполистегі әлеуметтік нысандардың мүгедектігі бар адамдар үшін қаншалықты қолжетімді екендігін тексеру үшін көшпелі мониторинг жүргізді.


Жалпы, Бостандық ауданында 8837 мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Биылдан бастап қазірге дейін ауданда тұратын мүгедек азаматтарға арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді (паспорттауды) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жұмыс тобының мүшелерімен бірлесе 533 нысан толықтай бейімделді және 566 нысанға паспорттау жұмыстары жүргізілген.


Сонымен қатар, Бостандық ауданында биылға объектілерді бейімдеу бойынша – 30 нысан, паспорттау бойынша – 24 нысан және Аmanat партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасына сәйкес ауданның бұрын ішінара бейімделген әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне толық бейімдеуді жүргізу тұрғысында 37 нысан болып бекітелген.


Сол нысандардың ішінде М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясы да бар. Бостандық ауданының әлеуметтік салаға жауапты мамандары, мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін көздейтін қоғамдық бірлестіктер өкілдері кіретін мониторингтік топ құрамы осы білім шаңырағында болып,  нысанның мүгедек азаматтарға қаншалықты қолжетімді екенін тексеріп көрді.


Мектеп-гимназияның кіреберісіне «көмекке шақыру тетігі» қондырылыпты. Яғни сырттан келіп тұрған қоларбадағы адам сол қоңырауды басып, іштегі қызметкерге хабар береді де, өзі пандус арқылы көтеріледі. Сондай-ақ, есік аузында көзі нашар көретін немесе зағип жандарға арналып Брайль әріптері бар тактильді тақтайшалар орналастарылған. Көзі көрмейтін адам тақтайшаны саусақ іздерімен басу арқылы қайда баратынын ешкімнің көмегінсіз біле алады. Аяқтың астына төселген тактильді темір плиткалар да көру қабілеті нашар немесе зағиптардың ғимарат ішіндегі қозғалысын жеңілдетері сөзсіз. Айтпақшы, мектеп ішінде құлағы естімейтін балалар үшін арнайы инклюзивті кабинет жабдықталған. Асханада да ерекше балақайлар үшін барлық жағдай жасалғанын көрдік.


Мониторингтік топ білім ошағының әжетханасын да қарап шықты. Ондағы қол жуғыштың, унитаздың орналасуын қарады. Олардың жанына таяқты іліп немесе балдақты бекітіп қоятын әмбебап қауіпсіздік ұстағышы да бар екен. Міне, осы жағдайдың бәрі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ғимаратқа ешкімге жағдай айтып, біредің уақытын алмай, ешкімнің көмегінсіз, өзі-ақ кіріп, шығуына мүмкіндік береді. Қолжетімді нысан деген осы. 



  • Сарапшы пікірі


Ұлан ІҢКӘРБЕК,


Бостандық ауданы әкімінің мүгедек жандар мәселесі жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, аудандық «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:


– Біз бүгін қаладағы еңселі мектептердің бірін аралап шықтық. Мүгедек адамдардың кіріп, шығуына жасалған жағдай жаман емес. Көп дүние жасалғаны көрініп тұр. Көзі көрмейтін жандарға арналып орнатылған арнайы тақтайшалары дұрыс. Дегенмен, кіреберістегі үлкен дәліздің ортасында тұрған ұзын колонналарға зағип адам басын ұрып алмас үшін арнайы белгі орнатып қойған дұрыс болар еді. Осы орайда әжетханадағы екі кемшілікті атап кетейін. Унитаз дәл ортада орналасқандықтан, мүгедек адамның қоларбасы жанына сыймайды. Сондықтан оны сол жаққа, шеткерірек жылжытқан дұрыс. Қоңырау тетігі жоғарылау қондырылыпты. Егер адам ғайыптан құлап қалса, көмек шақыру үшін тетікті басуға қолы жетпей қалуы мүмкін. Әжетхана іші кең екен, айналып, бұрылуға қолайлы, сонысы жақсы екен. Жалпы, қаладағы нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді болуы мақсатында жасалып жатқан жұмыстарға оң деген баға беруге болады. Біз көшпелі мониторинг жұмысын одан әрі жалғастыратын боламыз

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49