AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Ғани Әжікенов: Алматыда мұндай концертті өз көзіңм...

Ғани Әжікенов: Алматыда мұндай концертті өз көзіңмен көру – зор мәртебе

Мәдени Алматы 14.08.2026, 19:52 329
Ғани Әжікенов: Алматыда мұндай концертті өз көзіңмен көру – зор мәртебе
Кайрат Конуспаев

Ол бұл музыкалық кешті көптен күткен, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Танымал блогер Ғани Әжікенов Алматыда өтіп жатқан YE концертіне қатысты өз ойымен бөлісті. Оның айтуынша, ол бұл музыкалық кешті көптен күткен.

«Мен осы концертті көптен күттім. Оның алдында YE Стамбұлға, Грузияға келуі керек болған. Бірақ Алматыға келіп қалды. Алматы – әлемдегі мықты қалалардың бірі. Мен жас кезімнен Канье Уестті тыңдаймын», – деді ол.

Блогер концертке келген көрермендердің арасында шетелдіктердің көп екенін атап өтті. Оның сөзінше, жанкүйерлер Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан арнайы келген.

«Бұндай концертті өз көзіңмен көріп, сезінудің өзі – зор мәртебе», – деді Ғани Әжікенов.

Ол концерт барысында өзі асыға күтіп отырған бірнеше әнді де атап өтті. Атап айтқанда, «No Church in the Wild», «Niggas in Paris», «Stronger» және «Otis» композицияларын орындауын күтетінін жеткізді.

«“Otis” әнін ол көп жерде айтпайды. Бірақ осы концертте айтады деп үміттенемін», – деді блогер.

Ғани Әжікеновтың айтуынша, әншінің шығармашылығы бүгінде әлеуметтік желілерде де кеңінен танымал. Ол YE-нің ең мықты әндері 2014–2018 жылдар аралығында жарық көргенін атап өтті.

«Оны миллениал буынның адамдары жақсы біледі», – деді ол.

Блогер концертке билетті туған күніне сыйлық ретінде алғанын айтты. Қазір ол Алматыдағы концертті «Silver» аймағынан тамашалап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды

Бүгін 17:03

Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова 106 жасында дүниеден озды

Бүгін 16:08

Алматы облысында Sarbaz+ жобасының алғашқы түлектері әскери қызметін аяқтады

Бүгін 15:07

Абай облысында үш жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды

Бүгін 14:05

Нұрқанат Серікбаев Гран-приде жеңіске жетті

Бүгін 13:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);