AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ғалымдар Қазақстанның әскери тарихының өзекті мәсе...

Ғалымдар Қазақстанның әскери тарихының өзекті мәселелерін талқылады

Әлеумет 01.12.2024, 12:12 856 Nursok82
Ғалымдар Қазақстанның әскери тарихының өзекті мәселелерін талқылады
ҚР Қорғаныс министрлігі

Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайында жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Оған әскери тарих, археология, этнография, мұрағат ісі, мұражайтану саласын зерттеушлер, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан, Польша, Әзербайжан және Италия елдерінің өкілдері қатысты.

Зерттеушілер әскери мұраны зерделеу мен мұрағат жұмысының проблемалық аспектілерін қозғады. Сондай-ақ, қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы, қазақстандық жауынгерлердің фашистік басқыншыларды жеңуге қосқан үлесі және әскери тарихтың басқа да мәселелері туралы айтылды.  

 – Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың даңқы мен рөлі тарихымыз бен ұрпақ үшін өте маңызды. Қазақ халқы ежелгі заманнан бері барлық шайқастарда ерлік пен табандылықтың лайықты үлгісі болған. Мәселен, Шығыс халықтарының арасында қазақтар Кеңес Одағының Батырларының саны бойынша бірінші орында тұр. Тарихта әлі де көптеген ақ ақтаңдақтар бар. Хабарсыз кеткен адамдар әлі де көп. Біз қанша қазақстандық тұтқында болғанын білмейміз. Сондықтан Ұлы Отан соғысы тарихына әлі нүкте қойылған жоқ, – деп атап өтті Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары тарих ғылымдарының докторы Аяған Бүркітбай.

Бұл тұрғыда ғалымды Астана қаласындағы әзірбайжандардың «Хазар» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Махир Мұхтароғлы қолдады. Ол Ұлы Отан соғысының тарихын және Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесін терең зерттеу қажеттігін атап өтті. 

Польша Республикасының әскери атташесі подполковник Александр Сухенек қазақстандық тарапқа тығыз ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, әскери тарих мәселелерінің отандастары үшін маңыздылығын атап өтті. 

Варшавадан онлайн режимде доктор Ева Ковальска «Ұлттық есте сақтау институтының іздеу және сәйкестендіру бөлімінде жүргізілген Шығыстағы поляктардың ескерілмеген Жерлеу орындарын зерттеу» атты баяндама жасады.

Конференцияда әскери мұражайларды дамыту және Қарулы күштердің жауынгерлік дәстүрлері негізінде жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелері талқыланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #Ғалымдар #Қарулы күштер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);