AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Ғажайып Аия София

Ғажайып Аия София

Өмір-өзен 02.03.2022, 13:24 2,070
Ғажайып Аия София
Сурет: kk.wikipedia.org

Адамзат баласының арманы бітпейді. Бала күнімізден қиялшылмыз. Тіпті әсершілміз. Саяхатты жанымыз сүйеді. Кей-кейде өзге елге баруды көксейміз. Бірақ сәті қашан түсері белгісіз. Соның ыңғайы былтыр келді. Тілеуім орындалды. Ғылыми жоба бойынша апталық ісспар жасадық. Ыстамбұл көшесін кездік.


Жалпы, делегацияда 6 адамбыз. Мысыр базары қасындағы Фатих ауданына аялдадық. Ылғал ауа. Қара теңізді айнала ұшқан шағала. Әрлі-берлі жүрген адамдар. Қызылды-жасылды шамдар. Бір шетінде балық аулағандар жүр. Тамақтанатын орталықтар көп. Үйлер үсті-үстіне орналасқан. Өйткені қаланың жер бедері қырлы-ойлы болып келеді. Бәрі-бәрі ерекше.


Осылайша Айя София храмына келдік. Жергілікті тұрғындар мешітті мұражай деп атап кетіпті. Сырты қызғылт-сары ғимарат "мен мұндалайды". Аумағында кісі қарасы көп. Ішкі жағын екіге бөліп темір шарбақтар тұр. Құлшылық етушілер әрі өтеді. Ал тамашалаушылар берігі жағын көре алады. Сарғыш отқа ұқсаған көптеген алау шамдар ілінулі тұр екен.



Құдды тарихи фильм көргендей немесе орта ғасырға тап болғандай күй кешесіз. Сондай ғажайып шеберлікпен жасалған. Шығып бара жатқанда жоғарыға көзім түсті. Бұрылып тоқтай салып, көз жібердім. Иконаны көзім шалды. Іштей христиан рухани әлемінің үлкен құндылығының сақталғанына таңқалдым. Сонау Константинополь дәуіріндегі құндылық әлі күнге шейін мұрты бұзылмапты.



Бұл да болса жаһанға ортақ жауһар - Айя Софияны барша қадірлейді деген сөз. Сөйтіп, Алматыға оралдық. Қазақтың «мың рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген аталы пайымының растығына тағы да көз жеткізіп қайттық.


Олжас МҰРАТБЕКҰЛЫ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сапарнама #саяхат #аясофы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:39

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);