Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / G20 саммитіне дайындық басталды

G20 саммитіне дайындық басталды

Әлем 29.10.2021, 09:03 1,291
G20 саммитіне  дайындық басталды
Сурет: Vestikavkaza.ru

Әлемдегі алпауыт елдердің келелі жиыны болмақ


«Үлкен жиырмалық» елдері пандемиядан кейінгі алғашқы саммитін өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Италия астанасы осыған қызу дайындалып жатыр. Кездесу ертең басталады. Бірақ Қытай мен Ресей басшылары онлайн қатысады. Ал осымен 16-шы мәрте ұйымдастырылып отырған басқосудың басты тақырыптары - пандемиядан кейінгі әлемдік экономиканы қалпына келтіру мен климаттың өзгеруімен күрес.


Сонымен қатар Иранның ядролық бағдарламасы да қаралады. Шотландияның Глазго қаласындағы климаттың өзгеруімен күрес бойынша халықаралық конференция алдағы жексенбіде басталады.


Шараға 200-ден астам елдің өкілдері қатысады. Кездесуде 2015 жылы ғаламдық жылынумен күрес бойынша Париж келісімшартына қол қойылғаннан кейін атқарылған іс-шаралар мен келешекте қолға алынатын бастамалар талқыланады.


Мақсат - ауаға көмірқышқыл газын шығару мөлшерін азайтып, климаттың жылынуын тоқтату. Кездесу алдында табиғатты қорғаушылар да белсенділік танытып, түрлі шерулер ұйымдастырып жатыр.



«Қазір әлемнің көп елінде климаттық төтенше жағдай орнаған. Орман өрті, су тасқыны көбейді. Әлем басшылары мұның барлығын біледі. Сондықтан олар Глазгода климаттың өзгеруіне байланысты апатты жағдайдың туындауының алдын алу үшін нақты шаралар қабылдауы керек», - деді Glasgow Actions ұйымының басшысы Эндрю Наздин.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлем #алпауыт #елдер #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

36 жоба, 226 жұмыс орны: Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлікке қолдау күшейіп келеді

Бүгін 15:00

Алматы ғылыми әлеуетін нығайтып жатыр: Satbayev International Conference 2026 жиынында климаттық технологиялар талқыланды

Бүгін 14:48

Астанада пәтер өртеніп, үш бала қаза тапты: аман қалған әйелдің жағдайы айтылды

Бүгін 14:40

Академиялық ұтқырлық пен жаһандық білім кеңістігі

Бүгін 14:18

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі ажырасуға не себеп болғанын ашық айтты

Бүгін 14:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика