Футболдан еліміздің қыздар құрамасы Арменияны жеңді

Футболдан еліміздің қыздар құрамасы Арменияны жеңді Сурет: Prosports.kz

Әйелдер арасындағы футболдан 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу жалғасуда. 

С лигасында өнер көрсететін ұлттық командамыз бұл жолы Армения қыздарымен кездесті. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтті және алаң иелерінің айқын басымдығымен аяқталды. Қорытынды есеп: 4:1, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Қазақстан сапынан Александра Бурова, Аида Гайстенова, Бибігүл Нұрышева және Әселхан Тұрлыбекова мергендігімен көзге түсті. Осылайша, Мадияр Кембілов баптайтын қазақ қыздары іріктеу кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Топтық кезеңнің 4 турынан кейін ұлттық құрама 3 ұпаймен ең төменгі сатыда тұр. Ұпай көрсеткіші жағынан Болгариямен тең. Ал топ басына Румыния және Армения командалары жайғасты.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:45

12:26

12:14

12:01

11:51

11:35

11:33

11:20

11:15

11:10

11:00

10:43

10:35

10:21

10:14

10:10

10:00

09:50

09:40

09:19

09:02

08:49

08:23

08:12

19:29