AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Футбол: Иран соңғы минуттарда Уэльсті жеңіп кетті

Футбол: Иран соңғы минуттарда Уэльсті жеңіп кетті

Спорт 25.11.2022, 13:30 1,140
Футбол: Иран соңғы минуттарда Уэльсті жеңіп кетті
Сурет: Ашық дереккөз

Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші тур ойындары В тобында Уэльс – Иран матчымен басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Топтық бәсекенің бастапқы турында Уэльс АҚШ-пен тең ойнаса, Азияда рейтингінде көш бастап тұрған Иран Англияға ірі есеппен (2:6) есе жіберген еді.


Қос командаға да ұпай аса қажет екендігі түсінікті. Роб Пейдж жаттықтыратын Уэльс соңғы ойынын Англиямен өткізетіндіктен, Ираннан қалайда үш ұпайды жұлып алуды көздейді. Бірінші кездесуінде жанкүйерлерін жерге қаратқан ирандықтардың тіпті шегінер жері жоқ еді. Сондықтан болса керек, португалиялық маман Карлуш Кейруш шабуыл шебіне Мехди Таремидің қасына Ресей чемпионатында өнер көрсеткен Сердар Азмунды қосты.


Бәсекені тым-тәуір бастаған ирандықтар 15-минутта қарсыластар қақпасына доп та енгізді. Бірақ Али Голизаде ойыннан тыс қалғандықтан, гол есептелмеді.


Екінші кезеңде 51-минутта С.Азмун, іле-шала А.Голизаде тепкен доп қақпа жақтауынан кері серпілді. Жол болмау деген осы шығар. Уэльс қақпашысы Уэйн Хеннесси ирандықтардың соққысын әлденеше рет қайтарды. 84-минутта алға ұмтылған М.Таремиге қарсы ойын тәртібін өрескел бұзған У.Хеннесси алаңнан қуылды. Бұл биылғы біріншілікте футболшыға көрсетілген алғашқы қызыл қағаз еді.


Қосымша 9-минутта екінші таймда алаңға қосылған Рузбе Чешмидің алыстан қақырата тепкен добы қақпа бұрышынан бір шықты – 1:0. Содан кейін М.Таремиден пас алған Рамин Резаэян нүкте қойды.


Осылайша, аса тартысты матчта Иран 2:0 есебімен жеңіске жетті. Иран қоржынында үш, Уэльсте бір ғана ұпай бар.


Бүгін сондай-ақ бұл топта Англия – АҚШ құрамалары мықтыны анықтайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#футбол #ӘЧ #Иран
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Бүгін 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Бүгін 17:42

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Бүгін 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Бүгін 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика