AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Франция су тасқынының шығынын есептеуде, Италия қа...

Франция су тасқынының шығынын есептеуде, Италия қауіп төнді

Әлем 21.10.2024, 11:03 1,515 Nursok82
Франция су тасқынының шығынын есептеуде, Италия қауіп төнді
© AFP 2024 / Boris Horvat
 

Euronews хабарлауынша, орталық Францияда табиғи апат үлкен шығын әкеліп, халықты жарықсыз қалдырды. Италияда да қауіптілік деңгейі жоғары, қызыл деңгейдегі ескерту жарияланған, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Өңірлерді су басу қаупі әлі сейілмеген.

Француз метеорологтарының айтуынша, соңғы 48 сағатта оңтүстіктегі Ардеш және Лозер департаменттерінде 700 миллиметрге дейін жауын-шашын түскен. Екі күндік жауын-шашын орталық Францияда соңғы 40 жылдағы ең ірі су тасқынына алып келді. Қазіргі уақытта тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды тазалау жұмыстары басталған.

Франция премьер-министрі Мишель Барнье климаттың өзгеруі адамзатты түрлі тәуекелдер мен апаттарға жиі ұшырайтынын атап өтті.

«Бұл дағдарыстардың барлығын, мысалы, теңіз апаттары, өнеркәсіптік апаттар, цунами, жер сілкіністері, ірі су тасқындары, пандемиялар және терроризм қауіптері сияқты — бәрін де алдын ала болжауымыз керек. Бұл мәселелерге еуропалық деңгейде дайындалу қажет», — деді ол.

Франция премьері FR Alerte дабыл жүйесіне жоғары баға берді.

Италияда да бүкіл ел бойынша қызыл деңгейдегі ескерту жарияланды. Қатты жауған жауынның арты елде лайлы су тасқындарын тудырды. Ең көп зардап шеккен аймақ — Эмилия-Романья. Болон қаласында тасқын автокөлікті ағызып кетті. Көлік ішінде бала болған. 

Тосканадағы Эльса өзені мен Сицилиядағы Сальсо өзендері арнасынан көтерілген. Сондықтан жергілікті тұрғындарға мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес берілген.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Италия апат #Табиғи апаттар #жауын-шашын #Франция #Италия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);