Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Франция, Швейцария, Мысыр: қай елдерде Абайдың еск...

Франция, Швейцария, Мысыр: қай елдерде Абайдың ескерткіші орнатылған?

Мұны білген жөн 09.08.2025, 09:47 948
Франция, Швейцария, Мысыр: қай елдерде Абайдың ескерткіші орнатылған?
e-history.kz

Биыл қазақтың ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жыл мерейтойы атап өтіледі. Осыған орай елімізде ағартушының өмірі мен мұрасын дәріптеу, оны жас ұрпаққа таныту бағытында сан түрлі шаралар өткізіледі. Ал шетелде Абай қалай насихатталып жүр? Аqshamnews.kz тілшісі шетелде Абайға арнап бой көтерген ескерткіштерге шолу жасады. 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Абайдың есімі тек ел ішінде емес, шекара асып, әлемге танылды. Оған дәлел – Босния және Герцеговина, Германия, Грузия, Иран, Корея, Қытай, Қырғызстан, Мажарстан, Мысыр, Өзбекстан, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, Украина, Франция, Швейцария сияқты мемлекеттердегі ескерткіштер, бюсттер мен мемориалдық тақталар.

Франция, Ренн

e-history.kz

Францияның Ренн қаласында 2016 жылы  бюст орнатылған.

Венгрия, Будапешт

e-history.kz

2014 жылы Абай ескерткіші Венгрияның Будапешт қаласында орнатылған. 

Мысыр, Каир

e-history.kz

Абайдың бюсті 2016 жылы Каирдің орталық саябақтарының бірінде орнатылған. 

Ресей, Мәскеу

pamyatniki-v-rossii.ru

2006 жылы Мәскеудің Қазақстан елшілігінің маңында Абай Құнанбайұлына ескерткіш қойылған.

Қытай, Бейжің

e-history.kz

2014 жылы Бейжіңде "Цзинтай" көркем музейінде Абай Құнанбайұлының ескерткіші қойылған. Ашылу салтанатына ведомствоның сол кездегі басшысы Ерлан Ыдырысов арнайы барған еді. 

Өзбекстан, Ташкент

e-history.kz

2013 жылы Ташкентте ҚР елшілігінің алдында қазақтың ойшылы Абайдың ескерткіші орнатылған. Оның ашылу салтанатына Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримов қатысқан. 

Әзербайжан, Баку

e-history.kz

2011 жылы Әзербайжанның Баку мемлекеттік университетінде Абай Құнанбайұлының атындағы орталық ашылып, ғұламаның бюсті қойылды. 

Айта кетейік, Қазақстанның 17 өңірінде – Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарда ұлы ойшылға арналған 55 ескерткіш, бюст және мүсіндік композициялар орнатылған. Алматыдағы Абай ескерткіші – республикалық маңызы бар мәдени мұра нысаны, ал тағы 10-нан астамы жергілікті деңгейде тарихи және мәдениет ескерткіші мәртебесіне ие.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай #Абай құнанбайұлы #шетел #Абай ескерткіші #180 жыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика