Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Франция – Еуропадағы ең басты серіктесіміз

Франция – Еуропадағы ең басты серіктесіміз

Саясат 02.05.2023, 12:56 2,092
Франция – Еуропадағы ең басты серіктесіміз
Сурет: Ашық дереккөз

Президент Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Оливье Бештті қабылдады


Мемлекет басшысы Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Оливье Бештті қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Президент Францияның Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министр-делегаты, Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Оливье Бештті қабылдады.


Мемлекет басшысы жоғары лауазымды дипломатқа ілтипат білдіре отырып, қазақ-француз қарым-қатынастарының деңгейін жоғары бағалады және оның елімізге алғашқы ресми сапары барлық саладағы стратегиялық серіктестікке тың серпін беретініне сенімді екенін айтты.



– Франция – Еуропадағы ең басты серіктесіміз.  Ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға мүмкіндігіміз мол екеніне сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға жасаған сапарының қорытындысы бойынша, соның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.


Мемлекет басшысы Қазақстан нарығына, әсіресе мұнай-газ химиясы, жасыл энергетика, авиация және өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика салаларына француз бизнесін кеңінен тарту үшін барлық қажетті жағдайды жасауға дайын екенін айтты.


Оливье Бешт Мемлекет басшысына қонақжайлық көрсеткені үшін алғысын айтып, Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуына көңілі толатынын жеткізді.



– Былтыр қараша айында Парижге жасаған ресми сапарыңыз өте сәтті болды және екіжақты қарым-қатынастарға нақты саяси серпін берді. Президентіміз Сізбен арадағы жақсы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуды маңызды деп санайды. Бұл бізге аса маңызды халықаралық мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасуға мүмкіндік береді. Сондықтан Президентіміз серіктестігімізді дамытуға барынша күш салуымды сұрады. Қазақстан – сенімді серіктес, достас мемлекет әрі Орталық Азиядағы бізбен стратегиялық байланыс орнатқан жалғыз ел, – деді министр-делегат.



Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де қарастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Франция #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Бүгін 20:44

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика