AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Фермерлердің жүйкесін жеген жүйе

Фермерлердің жүйкесін жеген жүйе

Әлеумет 23.02.2023, 11:39 902 Almaty-akshamy.kz. 
Фермерлердің жүйкесін жеген жүйе
Сурет: ашық дереккөз

Фермерлер жүйедегі ақаулық салдарынан субсидия ала алмай отыр.


 Бұл туралы сенатор Евгений Больгерт Сенат отырысында мәлімдеді, -деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.


Айтуынша, ауыл шарауашылығы саласының еңбеккерлері ақпараттық жүйедегі техникалық ақауға байланысты субсидия алуға өтініш бере алмай отыр. Белгілі болғандай, биыл 1 қаңтардан бастап фермерлерге субсидия алуға өтінімдер беру жаңа gosagro.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асатынын еске салды. Бірақ қазір ауыл еңбеккерлері жүйенің дұрыс жұмыс істемеуіне және өтінімдерін қабылдамауына байланысты өтінім бере алмай келеді.



Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жаңа ақпараттық жүйенің дұрыс жұмыс істемеуіне және техникалық іркілістерге байланысты шағым айтып отыр. Онда бірқатар бағыттар бойынша субсидия алуға өтінімдер беруге мүмкіндік жоқ. Мәселен, жүйе субсидия алу үшін қажетті барлық құжаттың жиынтығын қабылдамайды. Құны 30 млн теңгеден сәл асатын жаңбырлатқыш машинаны сатып алу үшін субсидияға өтінім беру кезінде жаңа gosagro.kz жүйесі 46 миллиард теңге сомасын есептейді. Қолдау қызметі мұндай қате өтінімдер қабылданбайды деп бірден жауап береді. Олар қателерді түзетуге уәде бергенімен ешқандай өзгеріс жоқ. Жүйенің қателіктерін шаруалардың өздері де, олардың есепшілері де жеңе алмайды. ҚР АШМ колл-орталығы өмірі дұрыс жауап бермейді, жай ғана «допты кері тепкендей» басқаға сілтеумен айналысады, - деп атап өтті сенатор депутаттық сауалында. 



Сонымен қатар ол көктемгі егіс жұмысына дайындық кезінде, шаруаларға жанар-жағармай материалдарына, тыңайтқыштарға, қосалқы бөлшектерге қаржы қажет болған кезде де болып жатқанына алаңдаушылық білдірді.



Қазақстан Республикасының Үкіметі gosagro.kz ақпараттық жүйесінің жұмысындағы техникалық кемшіліктерді шұғыл түрде жоюды қажет деп санаймыз. Техникалық іркілістерді жедел жою мүмкін болмаған жағдайда, 2023 жылғы егіс науқанының тоқтатуға жол бермеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер субсидия алуға өтінім беру үшін жаңа gosagro.kz жүйесімен қатар qoldau.kz платформасын пайдалануына уақытша мүмкіндік жасау керек, - деді Евгений Больгерт.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде шаңырақ көтеретіндер азайған

Бүгін 11:09

Алматыда Университет президенттері халықаралық қауымдастығының өңірлік конференциясы өтеді

Бүгін 11:09

Алматыдағы балалар колониясында тоғызқұмалақ кабинеті ашылады

Бүгін 10:10

"Өзіңде бармен көзге ұрма..."

Бүгін 09:42

11 маусымға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 09:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);