Алматыда жол жабынына орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Пушкин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
12-18 қазан аралығында күн сайын сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін Мақатаев көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аралық жабылады. Күндіз бұл учаскеде көлік қозғалысы ашық болады.
Жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлау кезінде шектеулерді ескеріп, уақытша орнатылған жол белгілерінің талаптарын сақтауды және мүмкіндігінше балама бағытты таңдауды сұраймыз.
Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райына және жұмыс барысына әсер ететін басқа да факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Көлік қозғалысына қатысты шектеулер туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланады.