AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ет бағасы қымбаттады

Ет бағасы қымбаттады

Әлеумет 04.09.2025, 14:53 877
Ет бағасы қымбаттады
Сурет: Astanatv.kz

Мұндай өсім 2011 жылдан бері алғаш рет байқалып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қазақстанда ет пен құс еті тамыз айында кейінгі 14 жылдағы ең жоғары қарқынмен қымбаттады.  

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, шілдемен салыстырғанда бұл санаттағы өнімдер 3,2% өскен. 

Бағаның жоғары өсімі сиыр етіне тиесілі. Сүйекті ет бір айда 3,7%, сүйексіз – 3,6% қымбаттады. Жая бағасы да 3,5% өсті. Қой еті да артта қалған жоқ: сүйекті ет 3,3% қымбаттады.

Статистикаға қарағанда, жылдық мәнде сиыр еті шамамен 25% көтерілген: сүйекті ет – 23,2%, сүйексіз – 24,8%. Қой еті де осы деңгейде – 23,3%.

Ауыл шаруашылығы министрлігі бағаның өсуін, ең алдымен, экспорттың күрт артуымен және тарифтердің көтерілуімен байланыстырып отыр. Сала мамандары бұған қосымша жүйелі проблемаларды – кадр тапшылығы мен өндірістегі құрылымдық мәселелерді алға тартады.

Қой етінің қымбаттауына қатысты ресми түсініктемелер аз болғанымен, экспорт факторы мұнда да шешуші рөл ойнаған. Биылғы алғашқы жартыжылдықта қой еті экспорты 2,6 есе өскен.

Бұған дейін Қазақстанда өндірілген сиыр етінің өзіндік құны мен дүкендердегі бағасы арасында айтарлықтай айырмашылық барын жазған едік. Ал сиыр етіне бағаның өсуі жыл басынан бері 20%-дан асты.

Жалпы, былтыр елдегі 400 мың тонна еттің 22 мың тоннасы ғана экспортталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ет #баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51

Тараз перзентханасында бір күнде төрт ана егіз босанды

Бүгін 17:29

Маңғыстау облысында Президент Жолдауы талқыланды

Бүгін 17:19

Қазақстан мобильді интернет бағасы мен жылдамдығы бойынша үздіктер қатарына енді

Бүгін 17:05

Алматылық дәрігерлер қант диабетін дер кезінде анықтаудың жолын айтты

Бүгін 16:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);