AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Есту қабілеті төмен қазақстандықтар мүгедектікті р...

Есту қабілеті төмен қазақстандықтар мүгедектікті рәсімдемей-ақ есту аппаратын ала алады

Әлеумет 10.08.2026, 12:10 301
Есту қабілеті төмен қазақстандықтар мүгедектікті рәсімдемей-ақ есту аппаратын ала алады
интернет

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, сурдолог дәрігердің медициналық қорытындысы жеткілікті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұған дейін есту аппараттары әлеуметтік қорғау жүйесі арқылы негізінен есту қабілеті қатты бұзылған, мүгедектігі бар азаматтардың жекелеген санаттарына ғана беріліп келді. Заңнамаға өзгеріс енгізілгеннен кейін мұндай көмекке мұқтаж азаматтардың қатары кеңейді. Енді сурдолог дәрігер есту аппаратын тағу қажет деп тапқан пациенттер де оны мемлекет есебінен ала алады.

Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті директорының міндетін атқарушы Жанар Садуқованың айтуынша, басты мақсат – есту қабілеті бұзылған адамдарға қажетті көмекті дер кезінде көрсету.

“Есту қабілетін қалпына келтіру шараларын ерте бастау адамның өмір сапасын сақтауға, білім алуына, өзгелермен еркін қарым-қатынас жасауына және қоғамға бейімделуіне көмектеседі”, – деді ол.

Есту аппаратын алу үшін пациент алдымен сурдолог дәрігердің тексеруінен өтеді. Маман есту қабілетінің қаншалықты төмендегенін және оның сипатын анықтап, соған сәйкес құрылғыны таңдайды. Одан кейін медициналық қорытынды рәсімделеді.

Пациентке есту аппараты ғана берілмейді. Қызмет аясында құрылғыны адамның есту ерекшелігіне қарай жеке таңдау және баптау, құлаққа арналған арнайы қалып дайындау, аппаратты дұрыс пайдалануды үйрету қарастырылған. Сонымен қатар кепілдік мерзіміндегі және одан кейінгі техникалық қызмет те көрсетіледі.

Елімізде есту қабілетінің бұзылуын ерте анықтау жүйесі де дамып келеді. Бұл жұмысқа әсіресе балалар арасында басымдық беріліп отыр. Аудиологиялық скринингті цифрлық бақылау жүйесі енгізілгеннен кейін балалар арасындағы есту қабілетінің бұзылуы анықталған жағдайлар үш еседен астам көбейген. Соның арқасында дәрігерлер емдеу мен оңалту шараларын ертерек бастай алады.

Қазір Қазақстанда арнайы сурдологиялық кабинеттер жұмыс істейді. Онда есту қабілеті тексеріліп, есту аппараттары таңдалады және есту-сөйлеу қабілетін оңалту қызметтері көрсетіледі.

Есту қабілетінен ауыр дәрежеде айырылған балаларға кохлеарлық имплантация және сүйек өткізгіш имплант орнату сияқты заманауи емдеу тәсілдері де қолжетімді. Бұл қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетіледі.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық талаптарға сай келетін заманауи есту аппараттарының үлгілерін де алдын ала іріктеген. Тізімге есту қабілетінің төмендеу деңгейі әртүрлі пациенттерге арналған қуаты әрқилы құрылғылар енгізілген.

Қажетті нормативтік және ұйымдастыру жұмыстары аяқталған. Ендігі кезеңде өңірлер қаржы бөліп, есту аппараттарын сатып алу рәсімдерін жүргізуге тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#есту қабілеті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке Жеңіс күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 21:00

2030 жылға дейін тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жол картасы қабылданды

Бүгін 16:23

Зарап Темірбеков мұрасы – ұрпақ жадында

Бүгін 16:07

Эпидемиялық маусымдағы сақтық шаралары

Бүгін 15:20

«Жыр аққуы – Марфуға»: ақын Марфуға Айтқожаның 90 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді

Бүгін 14:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);