AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ескі көліктердің такси болуына шектеу қойылмақ

Ескі көліктердің такси болуына шектеу қойылмақ

Әлеумет 24.04.2024, 07:37 1,419
Ескі көліктердің такси болуына шектеу қойылмақ
Сурет: интернеттен

Такси жүргізушілері көлігіне арнайы белгі қоюы керек, жүргізуші картасы болуы шарт.


Елімізде жылы ескі көліктерге такси қызметін атқаруға шектеу қойылмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Такси жүргізушілері жүргеніне 15 жылдан асқан көліктермен жолаушы тасымалдай алмауы мүмкін. Қазақстан стандарттау және метрология институты дайындаған жаңа заң жобасы қазір қоғамдық талқылауда. Алайда жүргізушілер жаңа талапқа қарсы.



Қазақстанда такси қызметін жүйелеу мақсатында жаңа заң жобасы әзірленді. Құжатқа сәйкес енді жүргізушілер шыққанына 15 жылдан асқан көлікпен жолаушы тасымалдай алмауы мүмкін. Тіпті, осы кәсіппен нәпақа тапқыңыз келсе машинаңыздың жүріп өткен қашықтығы 500 шақырымнан аспауы тиіс. Жаңашылдық мемлекеттік стандарт жобасы аясында жүзеге асырылған.



"Заң жобасында такси қызметін ұйымдастыруды өзін-өзі реттеуге көшіру көзделеді. Ал бұл такси тасымалдаушыларының, таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметтерінің және таксиге тапсырыс берудің мобильді қосымшаларының жұмыс принципін өзгертуге, сондай-ақ такси тасымалдаушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше болуына алып келеді", деп мәлімдеді Қазақстан стандарттау және метрология институтының баспасөз қызметі.



Оған қоса такси көлігінің төбесіне арнайы белгі қоюға міндетті болады. Жүргізушінің фотосы мен жеке мәліметтері жазылған картасы салонда ілініп тұруы қажет. Ал такси қызметі арқылы нәпақа тауып, отбасын асырап жүрген азаматтар да, жолаушы ретінде көлікке отыратын тұрғындар да жаңашылдыққа қарсы.


Заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Бұл – әлемдік тәжірибе. Мәселен Еуропада такси жүргізушілері арнайы киім үлгісін киеді. Әр жүріп өткен шақырымыңыз бен уақытыңыз есептеліп, жолаушы соған сай ақы төлейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Такси #шектеу #карта #белгі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);