AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ерлан Саиров: Құрылтай мен Халық кеңесі институтта...

Ерлан Саиров: Құрылтай мен Халық кеңесі институттары үкіметті бақылауды күшейтеді

Әлеумет 22.02.2026, 12:40 230 dulatbekova
Ерлан Саиров: Құрылтай мен Халық кеңесі институттары үкіметті бақылауды күшейтеді
Сурет: telegram.org/k/#@Janakonstituciya

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров Құрылтай мен Халық кеңесі институттарының елімізде тұрақтылықты демократиялық жолмен қамтамасыз ететін маңызды механизмдер екенін атап өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Депутаттың сөзінше, бұл институттар билік тармақтарының өзара бақылауын күшейтеді және мемлекеттік органдардың тиімді жұмысын қамтамасыз етеді.

Саиров Құрылтайдың үш негізгі бақылау функциясын атады: үкіметтің қызметін бақылау, бюджетті бақылау және мемлекеттік органдардың жұмысын қадағалау. Ол атап өткендей, егер бюджетті талқылау кезінде Құрылтай оны қолдамаса, бұл үкіметке деген сенімсіздік вотумы болып саналады. Мұндай жағдайда үкіметке ұсыныстар енгізіледі немесе шаралар қабылданады.

Сонымен қатар, депутаттар Құрылтай арқылы министрлердің жұмысын бағалай алады. Егер депутаттардың үштен екісі министрдің өз қызметін дұрыс атқара алмай отырғанын шешсе, Президент сол министрді қызметінен алу міндетін атқарады. Бұл билік тармақтарының арасындағы жауапкершілікті күшейтіп, мемлекеттік басқарудағы ашықтық пен есептілікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Саировтың пікірінше, Құрылтай мен Халық кеңесі институттарының енгізілуі - Қазақстандағы демократиялық бақылау мен тұрақтылықты нығайтудағы маңызды қадам.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ерлан Саиров #Жаңа конституция #пікір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);