AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Ерлан Саиров: «Куәгерлер РОП операторының түпкі бе...

Ерлан Саиров: «Куәгерлер РОП операторының түпкі бенефициары Әлия Назарбаева деп көрсетті»

Саясат 21.09.2023, 05:04 1,570
Ерлан Саиров: «Куәгерлер РОП операторының түпкі бенефициары Әлия Назарбаева деп көрсетті»
Сурет: Adyrna.kz

Бұл туралы Мәжіліс депутаты «AMANAT» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің Атырау қаласында өткен көшпелі отырысы барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz AMANAT партиясының телеграм-каналына сілтеме жасап. 


Ол партия жанындағы Кеңестің мүшелері республикаға белгілі заңгерлер, мемлекет қайраткерлері мен қоғам белсенділері және депутаттар екенін алға тартты. Оның айтуынша, жемқорлыққа қарсы кеңес өз жұмысы барысында тек өңірлердегі проблемаларға ғана емес, елімізде азаматтар кең талқылап жүрген ең резонансты мәселелерге баса мән береді. Осы орайда Кеңес төрағасы жиналғандардың назарын РОП операторына қатысты мәселеге аударды.  



«Әділетті Қазақстанның кірпіші заңды орындаудағы шындықтан құралады. Барлығы заң және заңды құқыққа сәйкес болуы керек. Баршамызға белгілі жақында РОП деп аталатын ұйым басшыларының бірқатары қылмыстық жауапқа тартылды. Сот барысында көптеген куәгерлер жемқорлыққа қаржының түпкі бенефициары Әлия Назарбаева деп көрсетті. Бірақ сот та, Бас прокуратура өкілдері де сот процесінде бұл азаматтардың уәжіне ешқандай назар аудармады. Егер Қазақстанда әділетті қоғам орнатамыз десек, өзіне қатысты осындай куәгерлік берілген әрбір азамат кінәсіздігін сотқа келіп дәлелдеуі қажет», - деді депутат. 



Сондай-ақ ол азаматтардың уәжін міндетті түрде Бас прокуратураға жеткізетінін және бұл мәселе Кеңестің бақылауында болатынын алға тартты.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#РОП #оператор #Назарбаева Әлия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);