Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ерлан Қарин: Реформалар мен диалог - президенттік...

Ерлан Қарин: Реформалар мен диалог - президенттік курстың негізгі бағыттарының бірі

Әлеумет 09.11.2021, 11:43 1,437
Ерлан Қарин: Реформалар мен диалог - президенттік курстың негізгі бағыттарының бірі
www.inform.kz

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің аясында сарапшылар Қазақстан өңірлерінде ауыл әкімдерін тікелей сайлауын өткізу барысын талқылады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Іс-шараға ҰҚСК мүшелері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, белгілі қазақстандық саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар қатысты. Шараны ҚР Президентінің көмекшісі, Ұлттық кеңес хатшысы Ерлан Қарин ашты.



«Реформалар мен диалог - президенттік курстың негізгі бағыттарының бірі. Мәселен, саяси бастамаларды жүзеге асыру аясында ғана қазіргі таңда 10 заң қабылданды. Олардың ішінде ағымдағы жылдың мамыр айында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңына қол қойды. Соның нәтижесінде биылғы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап республика бойынша 811 ауылдық округте әкімдердің сайлауы өтті. Сайланған әкімдердің 86% саяси партиялардың үміткерлері. Тағы 14% өзін-өзі ұсынған үміткерлер. Сонымен бірге, сайланған әкімдердің жартысы (51%) сайлауға дейін бұл қызметтерді атқармаған жаңа адамдар» – деп атап өтті ол жиын барысында.



ҰҚСК және Президенттік жастар кадр резервінің бірлескен зерттеу тобының жетекшісі Александр Данилов 4 облыстың (Павлодар, Қостанай, Түркістан және Шығыс Қазақстан) ауыл әкімдерінің сайлауы өткен ауылдық округтеріне бару негізінде дайындалған талдамалық баяндаманы ұсынды.


Баяндамада ауылдағы тұрғындардың негізгі түйткілді мәселелері, ауыл әкімдерін тікелей сайлаудың қысқаша қорытындылары және сайлау науқанының ерекшеліктері көрсетілген. Александр Данилов өз сөзінде ауылдық округ әкімін тікелей сайлауына байланысты ауыл тұрғындарының жалпы пікірі жақсы екеніне назар аударды.


Зерттеу барысында үміткерлермен жүргізілген сұхбаттар нәтижесі саяси партиялар жұмысының жанданғанын, сондай-ақ үміткерлер уәждемелерінің жеткілікті жоғары деңгейін, сайлау науқаны механизмдері мен тактикасын жақсы түсінгендерін көрсетті. Сонымен бірге, бұдан бұрын Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды ​​облыстарында ҰҚСК мүшелерінің көшпелі отырыстары аясында ауыл әкімдерінің тікелей сайлауына дайындық барысы мен ауылдарды дамыту мәселелері талқыланған болатын.


Мұрат Әбенов, Төлеутай Рақымбеков, Марат Башимов және Максим Рожин өңірлерге барған сапарларына қатысты өз бағаларымен бөлісті. Сондай-ақ, өңірлерден келген ҰҚСК мүшелері Ләззат Қожахметова, Бөріхан Нұрмұхамедов, Таттыгүл Талаева, Уайс Ерсайынұлы және Айгүл Орынбек жергілікті жерлерде ауыл әкімдерін сайлаудың ерекшеліктеріне тоқталды.


Талқылау қорытындысы бойынша сарапшылар ауыл әкімдерін тікелей сайлау тетігін жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар берді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алдағы алтыншы отырысында да ауыл әкімдері сайлауын өткізу бойынша ұсыныстар топтамасы ұсынылады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Реформа #карин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі