Ержан Қазыхан Қазақстан президентінің АҚШ-пен келіссөздердегі өкілі болып тағайындалды

Ержан Қазыхан Қазақстан президентінің АҚШ-пен келіссөздердегі өкілі болып тағайындалды Ақорда

Ержан Қазыхан Қазақстан Республикасы атынан Америка Құрама Штаттарымен екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша жүргізілетін келіссөздерге жетекшілік етеді.

Бұл туралы 2026 жылғы 13 қаңтарда Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының өкімімен Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Ержан Хозеұлы Қазыханға Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесіндегі Қазақстан Республикасы Президенті Өкілінің міндеттері жүктелді", – деп жазылған ресми ақпаратта.
Ержан Қазыхан 1964 жылғы 21 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты.

Дипломатиялық қызметін 1989 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Протоколдық-саяси бөлімінде екінші хатшы ретінде бастаған. Кейін осы бөлімде бірінші хатшы болып қызмет атқарды. 1992 жылы бөлім меңгерушісі, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігіне бірінші хатшы ретінде жіберіліп, кейін кеңесші қызметіне дейін көтерілді.

1999–2003 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры болды.

2003–2007 жылдары Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі, сонымен қатар Кубадағы Қазақстанның елшісі қызметін қоса атқарды.

2007–2008 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.

2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметін атқарды.

2009–2011 жылдары Австриядағы Қазақстан Республикасының елшісі және Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкіл болды.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.

2011–2012 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болды.

2012–2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметін атқарды.

2014–2017 жылдары Ержан Қазыхан Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының елшісі, сондай-ақ қоса атқару тәртібімен Ирландия мен Исландиядағы елші болды.

2017–2021 жылдары Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының елшісі қызметін атқарды.

2021–2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі болды.

2022–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі қызметін атқарды.

2023 жылғы қыркүйектен бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы бөлімшесі мен өзге де халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалғанға дейін Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі болды.

Дипломатиялық дәрежесі – Төтенше және Өкілетті Елші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:43

17:25

17:14

16:53

16:41

16:29

16:08

15:47

15:20

15:08

14:48

14:37

14:20

14:04

12:29

12:16

12:05

11:51

11:46

11:32

11:20

10:50

10:45

10:40

10:29