конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен кәмелетке толма...

Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі штаб отырысы өтті

Әлеумет 07.09.2021, 13:54 1,004
Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі штаб отырысы өтті
Сурет: Almaty-akshamy

Жұмыс жоспары талқыланды. 


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров онлайн форматта кәмелетке толмағандармен жұмыс бойынша жедел әрекет ету штабының отырысын өткізді. Отырысқа орта және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, ҮЕҰ өкілдері мен білім және психология саласының сарапшылары қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Штаб отырысының негізгі міндеті – кәмелетке толмағандар арасындағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу әдістерін жетілдіру. Бұл қиын өмірлік жағдайдағы кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-психологиялық қолдау жасау және қолдау шараларын қамтамасыз ету үшін қажет.


Штаб мүшелері қалада орын алған дағдарыстық жағдайларды қарастырды және жалғасып жатқан пандемияны ескере отырып, кәмелетке толмағандардың эмоционалды көңіл-күйі мен мазасыздық деңгейін диагностикалау бойынша көп деңгейлі жұмыс жоспарын талқылады. Отырыс барысында Алматы қаласы ювеналды полиция бөлімінің бастығы Ж. Шонжанова, білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының психологиялық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Э. Алиева, «Bilim Foundation» ҚҚ аймақтық филиалының басшысы  В. Коканова, сондай-ақ психикалық денсаулық орталығының өкілдері сөз сөйледі. 


Сонымен қатар, білім берудің дәстүрлі форматына оралу аясында оқушылардың эмоционалдық жағдайын талдауды күшейту және «тәуекел топтарын» анықтау, сондай-ақ ата-аналармен өзара әрекеттестікті күшейту бойынша сараптамалық пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ офлайн режимде оқуға қолайлы жағдай жасау үшін қауіпсіздік шараларын, оның ішінде эпидемиологиялық шараларды сақтаудың маңыздылығына назар аударылды. 


Әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров пандемияның кәмелетке толмағандардың психологиялық жағдайына кері әсерін ескере отырып, білім беру мекемелерінің психологиялық қызметі жұмысының бірыңғай қалалық алгоритмі мен әдістемесін әзірлеуді тапсырды. Психологиялық қызметтің тиімділігін және медициналық кабинеттердің жұмысын жақсарту бойынша қосымша шараларды әзірлеу тапсырылды. 2022 жылдан бастап мектептер мен колледждердегі кризисті оқиғалардың саны мектеп әкімшілігі мен аудандық білім бөлімінің сапалық  көрсеткішіне айналады. 


Еске салсақ, бүгінде Алматы қаласындағы 207 мектепте 360 жоғары білімді психолог жұмыс істейді. Мектеп психологтары үшін біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады. 2020 жылы 153 психолог курстардан өтті. Өмірлік қиын жағдайға немесе эмоционалды ауытқушылыққа тап болған адамдар үшін 376-56-60, 116-16 нөмірлері бойынша Алматы қаласының бірыңғай байланыс орталығымен біріктірілген кризис жағдайындағы сенім телефоны жұмыс істейді. Бұл ретте балалар мен жасөспірімдерге арналған 150 нөмірі бойынша сенім телефоны жұмыс істейді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #штаб #отырыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауында құтқарушылар батпаққа батқан 15 адамды эвакуациялады

Бүгін 18:57

Қазақстандық Нодира Ахмедова күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Еліміз ұлттық мұраның 10 элементін ИСЕСКО тізіміне енгізуге құжат әзірлеп жатыр

Бүгін 18:50

Батысқазақстандық параспортшы боччадан Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 18:45

Қазақстандық студенттер ЖИ негізінде 440-тан астам жоба әзірледі

Бүгін 18:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);