Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ержан Бабақұмаров қала тұрғындарына Құрбан айт мер...

Ержан Бабақұмаров қала тұрғындарына Құрбан айт мерекесін онлайн-форматта өткізуге көмектесуді тапсырды

Әлеумет 15.07.2021, 19:30 1,750
Ержан Бабақұмаров қала тұрғындарына Құрбан айт мерекесін онлайн-форматта өткізуге көмектесуді тапсырды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Басты міндет – коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту. 


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері  Жандарбек Бекшин және қаланың бас имамы Төлеби Оспанмен бірге карантиндік жағдайларда Құрбан айт мейрамын мерекелеу бойынша онлайн-кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz.


Кеңеске аудандар әкімдіктерінің және жауапты басқармалардың басшылары қатысты.


Ержан Бабақұмаров қазіргі күрделі эпидемиологиялық жағдайға баса назар аударды. Соңғы тәулікте мегаполисте коронавирустық инфекцияның 850 жағдайы тіркелді. Осыған байланысты биыл вирустың одан әрі таралуын болдырмау мақсатында Құрбан айт мерекесі онлайн режимде өтеді. Қайырымдылықты qurban2021.kz сайтына өтінім беру арқылы онлайн жасауға болады.


Кеңес барысында, сондай-ақ құрбандыққа шалынатын жануарларды сату кезінде қалалықтардың денсаулығын «дельта» штамын жұқтырудан қорғау мәселелері талқыланды.


Басты міндет – коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту. Әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалалық басқармалар мен аудандардың әкімдіктеріне, ветеринарлық және тиісті қызметтерге мереке кезінде инфекцияның алдын алу және карантиндік шектеулердің сақталуына бақылауды күшейту жөнінде қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.


Айта кетсек, Құрбан айт мерекесінің онлайн-форматы өткен жылы енгізілген болатын. Шектеулер барлық ұйымдарда, соның ішінде жеке үй шаруашылықтары мен медреселерде адамдардың жаппай жиналуы арқылы іс-шаралар өткізуге тыйым салуды көздеді. Сонымен қатар, автокөліктерден және жеке үй шаруашылықтарынан мал союға тыйым салынады, құрбандық шалуға арнайы бөлінген жерді қоспағанда, бүкіл қала бойынша мал сою цехтары мен базарларының жұмысы тоқтатылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өңірлік «Аналитика мектебіне» өтінім қабылдау басталды: қатысушылар қаланың болашағы үшін шешімдер әзірлейді

Бүгін 15:46

Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттауға қатысты жаңа өзгерістер енгізілді

Бүгін 15:26

Ұлттық метаболикалық код 2026: болашақтың медицинасы үшін пәнаралық диалог

Бүгін 14:52

Алматыда 200-ден астам тұрғын реновация бағдарламасы аясында жаңа баспана алды

Бүгін 14:43

Алматыда қазақ лингвистикасы цифрлық дәуірге аяқ басты

Бүгін 14:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика