ffin.kz

Еріктілер қиналған жандарға кез келген уақытта қолдау көрсетеді

Еріктілер қиналған жандарға кез келген уақытта қолдау көрсетеді Өңірлік коммуникациялар қызметі

Көмек көрсетуге қала тұрғындары, кәсіпкерлер мен белсенді жастар қатысты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы еріктілер фронт-кеңсесінің басшысы, «QAMQOR CHARITY» қоғамдық қорының төрағасы Бағдат Анарбаева мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Оның айтуынша, 2024 жылдың 29 наурызынан 15 сәуіріне дейін Алмалы ауданының комьюнити орталығы базасында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен ашылған Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен өңірлеріне гуманитарлық көмек қабылдау пункті жұмыс істеді. Пункт күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істеді. Сағат 19:00-ден 24: 00-ге дейін еріктілер гуманитарлық көмекті санау және  жинақтау бойынша жұмыс жүргізді.

Күн сайын алматылықтар қажетті заттарды әкеліп, зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетуге өз үлестерін қосты.

«Көмек жинау пунктінің жұмысына қаланың 30-дан астам ірі волонтерлік ұйымдары, 200 волонтер және радиоэлектроника және байланыс әскери - инженерлік институтының 100-ден астам курсанттары жұмылдырылды», - деді Бағдат Анарбаева.

Еріктілердің негізгі бөлігі гуманитарлық көмекті қабылдау, орау және жинақтау жұмыстарына тартылды. Сонымен қатар, еріктілердің жекелеген бөлігі зардап шеккен аймақтарға тікелей көмек көрсетті. Алматы қаласынан еріктілер Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына жіберілді. 

Гуманитарлық көмек жинау пунктінің жұмысына бұқаралық ақпарат құралдары, блогерлер мен медиа тұлғалар үлкен ақпараттық қолдау көрсетті.

«Күн сайын еріктілер фронт-офисінің колл-орталығына қала тұрғындарынан 1000-нан астам қоңырау келіп түсті. Гуманитарлық көмек қабылдау пунктіне күніне 500-ден астам адам келді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, гуманитарлық көмек жинаудың алғашқы күндерінен бастап үлкен белсенділік танытып,бей-жай қарамаған Алматы қаласының барлық жанашыр тұрғындарына жеке алғыс білдіргім келеді», - деп бөлісті Б.Анарбаева.

Ағымдағы жылдың 29 наурызы мен 15 мамыры аралығында 592 тонна гуманитарлық көмек жиналды (200 тонна – азық – түлік, 147 тонна – гигиеналық құралдар, 70 тонна – киім, қалған 35 тонна-тұрмыстық заттар), олардан жөнелтілгендері: 
- Оралға 70 тонна (40-авиарейспен, 30-фурамен);
- Ақтөбе облысына 44 тонна (40-фураммен, 4-авиарейс);
- Атырау облысына 268 тонна (13-авиарейспен, 253-фурамен);
- Қостанай облысына 70 тонна (10-жүк көлігі, 60-фура);
- Петропавлға 140 тонна (65 – жүк көлігі, 35 – "Mitsubishi Delica" маркалы автомобильдер, 40-фурамен).

Брифингке қатысқан «Jas Live» жастар медиа-орталығының басшысы Мейіржан Келмеденов еріктілердің су басқан аудандардың тұрғындарына қалай көмектескенін айтып берді. 

«Бізде Алматы қаласынан су басқан өңірлерге, соның ішінде өзімізді қоса алғанда, барған еріктілер болды. Төтенше жағдайдың алғашқы күндерінде 10 тонна гуманитарлық көмек жіберіліп, Орал қаласына еріктілер жіберілді. Содан кейін біз өңірлердің қажеттіліктеріне қарай Алматыдан Атырау облысы мен Ақтөбе қаласына 50 - ге жуық ерікті жібердік», - деді ол.

Сондай-ақ, еріктілер басқалардың қиын жағдайда қалғанына бей-жай қарамайтынын және кез келген уақытта белсенді қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Брифинг соңында спикерлер алматылықтарға игі істе көрсеткен белсенділігі мен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05