AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ерекше премьера өтеді

Ерекше премьера өтеді

Мәдениет 27.04.2023, 10:23 1,720
Ерекше премьера өтеді
Сурет: Tengrinews.kz

2023 жылдың 12-13 мамыр күндері әлемге әйгілі скрипкашы Марат Бисенғалиев пен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің бірлескен алғашқы концерті өтеді.


Атақты виртуоз скрипкашының қазақ халқының музыка мәдениетінің қарашаңырағына айналған ұлттық оркестрмен беретін концерті - еліміздің мәдени тарихында  алғаш ұйымдастырылған ереше премьера. Концертте талантты жас музыкант,  М. Бисенғалиевтің NCPA академиясының тәрбиеленушісі Аян Деспанде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Марат Бисенғалиев – көркемдік жетекші, бас дирижер және солист. Дарынды өнер иесі - әлемдік музыка мәдениетінде өзіндік орны бар дарабоз музыкант. Ол - халықаралық музыка мәдениетіне қосқан үлесі үшін алтын дискілердің және көптеген үкіметтік наградалардың иегері. Бүкіләлемдік  Carnegie Hall, Lincoln Centre (NewYork) Wigmore Hall, Barbican Center, Royal AlbertHall, Royal festivalhall (Лондон) сынды  музыка сахналарында өнер көрсетіп, Naxos, Marco Polo, EMI, Sony BMG сияқты әлемге әйгілі рекордтық компаниялармен ынтымақтастықта бола отырып, әлемдік музыкалық мәдениеттің қазынасына өзінің музыкалық шығармаларын енгізді.


Марат Бисенғалиевтің өнері туралы  атақты Британдық «The Times» газеті «brilliant violin soloist», «керемет скрипка солисі» деп жазса, ал америкалық «Fanfare» журналы «қазіргі заманғы  Изаи»  деп жазды. Сондай-ақ,  «The New York Times»  өнер иесі туралы: «Ол XIX ғасырдың басындағы скрипкада ойнау шеберлігінің айрықша белгісі болған ұтымды стильдерді жандандарып қайта жаңғыртушы» деп жазды.


Aян (piano) 2013 жылs 27 желтоқсанында Токиода дүниеге келді. Ол 2021 жылдың мамырынан бастап Мумбайдағы (SOI) Үндістан Симфониялық оркестрінің музыкалық академиясында фортепиано мамандығы бойынша білім алды. 2021 жылдың қараша айында Аян Тата театрында Марат Бисенғалиевтің жетекшілігіндегі СОИ камералық оркестрімен алғашқы концертін беріп, кейін Үндістанның түрлі концерт залдарының тұрақты қонағына айналды. Аян фортепианода ойнап қана қоймай музыкалық шығармаларды да жазуды ұнатады.  Ол соната, вальс, ноктюрн, фортепиано мен ішекті аспаптарға арналған квинтет және т.б.шығармаларды жазды. Aян Венада өткен «Алтын кілт» музыкалық фестивалінің фортепиано мен композицияның екі санаты бойынша жеңімпазы бола отырып, Моцарттың үйінде өткен Palais Ehrbar және Bӧsendorfer Hall жеңімпаздарының гала-концертіне қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#премьера #скрипкашы #Марат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53

Алматыда регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Бүгін 14:08

Мемлекет басшысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

Бүгін 12:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);