AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ерболат Досаев: Қалада инклюзивті білімге басымдық...

Ерболат Досаев: Қалада инклюзивті білімге басымдық беремін 

Әлеумет 18.01.2024, 07:12 1,029
Ерболат Досаев: Қалада инклюзивті білімге басымдық беремін 
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Түрксіб ауданы тұрғынының сұрағы: Мен балаларға инклюзивті білім беретін әрі күніне 25-30 адам келетін мектепке көмек көрсетуді өтінемін. Бұл - күндізгі орталық. Орталықты жабдықтауға бізде 40 млн теңге көлемінде қаражат бар, бірақ үй-жай жоқ. Қазіргі уақытта "Бақытты отбасы" кеңсесі орналасқан Зенков, 15 орталығы берілсе немесе Сауранбаевтағы нысандардың бірінші қабаттарынан да болуы мүмкін.



Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев: "Сізге кездесулер сайын қалада инклюзияны арттыру мәселелерін жүйелі түрде көтеріп отырғаныңыз үшін алғыс айтамыз. Мен үшін олар әрқашан басымдыққа ие. Аудан әкіміне тапсырма беремін. Орталықты құруға қаражатыңыз бар-жоғын ескере отырып, не істеуге болатынын қарастырамыз. Аудан әкімдігі мәселені екі апта бойы қарайды, содан кейін маған баяндайды". 



Еске салсақ, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың аудан тұрғындарымен кездесуі "Алматы" телеарнасының эфирінде сурдо сүйемелдеуімен өтуде. Бұл қала басшысының мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін Алматы қаласын бейімдеу жөніндегі бастамасының бір бөлігі. 



Алматы әкімдігі қалада барлық қажетті жайлылықтармен инклюзивті орта құруға, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтендіруге және бейімдеуге  бағыт алған еді. Әр ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған әлеуметтік қолдау орталықтары, оқу және білім беру мекемелері белсенді жұмыс істейді, сондай-ақ әлеуметтік бағыттағы объектілер мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып жайластырылады.  



Бұдан басқа, Ерболат Досаевтың бастамасымен Алматыда мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен мүгедек адамдарға арналған нысандарды бейімдеу жобасы жүзеге асырылуда. Ол үшін мегаполисте 2023 жылдан бастап алғаш рет әлеуметтік нысандарды паспорттау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Түркісіб #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Кеше 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Кеше 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Кеше 18:27

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Кеше 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Кеше 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика