AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ерболат Досаев мектептердің жаңа оқу жылына дайынд...

Ерболат Досаев мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді

Әлеумет 16.08.2023, 11:26 1,172 Almaty-akshamy.kz. 
Ерболат Досаев мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді
Сурет: ашық дереккөз

Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапарымен Наурызбай ауданына барып, «Ақжар» шағын ауданындағы № 200 мектеп-гимназияның мысалында алдағы оқу жылына дайындықпен танысты.


Мектеп ғимаратында жазғы демалыс кезінде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Атқарылған жұмыстың басты нәтижесі  кітапхананы молернизациялау болды. Ерболат Досаев кітапхананы аралап көрді әрі алматылық оқушылар үшін 1 қыркүйектен бастап жұмыс жасайтын Kitap.kz онлайн платформасының қолжетімділігін тексерді. Жаңа үлгідегі кітапханада кітап қорын кеңейтуден және техникалық жарақтандырудан басқа оқушылардың шығармашылық дамуы үшін ыңғайлы алаңдар құрылды. Айта кетерлігі, Алматының 200-ден астам мемлекеттік мектебінде жаңа форматтағы кітапханалар жұмыс істейді. Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында барлығы 100% қамтылады.


«Мектеп жаңа оқу жылына толық дайын. Барлық оқушылар оқулықтармен қамтамасыз етілген. Балаларды қабылдауға 66 оқу сыныбы, 150 орындық заманауи асхана және 2 спорт залы, зертханалық кабинеттер әзірленді. Мектепте барлығы 2200 бала оқиды. Ғимарат ішіндегі   және  іргелес аумақтың периметрі бойынша қауіпсіздік үшін 47 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді», - деді мектеп-гимназия директоры Айнұр Нұрымқызы. Мектепте инклюзивті білім беру қарастырылған, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кабинеті ашылды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен педагог-психолог, арнайы педагог, логопед-мұғалім және 4 - педагог ассистент мамандары жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін лифт қарастырылған.


Өз кезегінде, білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева алдағы оқу жылына дайындық 95% -ды құрайтынын, бірқатар мектеп ғимараттарында сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталатынын айтты. Жұмыстар кестеге сәйкес жүруде. Тамыз айының соңына қарай 100% дайындық қамтамасыз етіледі.


Мегаполис әкімі акт залы мен асханаларға барып, мектеп басшылығының балалардың сапалы және теңгерімді тамақтануының маңыздылығына назарын аударды. Еске салсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Алматыда 1-4 сынып оқушылары, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан барлық оқушылар оқу сыныбына қарамастан тегін тамақпен қамтамасыз етілген.


Мектепті аралаған Ерболат Досаев жұмыс сапарының қорытындысы бойынша балаларды оқыту үшін барынша жайлы жағдай жасауға қатысты жұмысты жалғастыруды тапсырды, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейту, оның ішінде турникеттер жүйесін енгізу  жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #даярлық #әкім #тексеру #білім #жаңа оқу жылы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидаларын жаңартты

Бүгін 15:33

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Алматыда мәдени-ағартушылық жұмысты күшейтпекші

Бүгін 14:40

Алматы әуежайында заманауи өнер көрмесі ашылды

Бүгін 14:13

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика