ffin.kz

Ерболат Досаев: Алматыда барлығы үшін тең мүмкіндіктер жасалуда

Ерболат Досаев: Алматыда барлығы үшін тең мүмкіндіктер жасалуда Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды әлеуметтік қолдау – ерекше бақылауда


Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланың инклюзивті ортасын дамыту жөніндегі кеңестің I отырысын өткізді, онда ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын іске асыру үшін оларды әлеуметтендіру және қоғамға интеграциялауда тең мүмкіндіктер жасау мәселелері қаралды


Кеңестің құрамына барлық санаттағы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мүдделерін білдіретін қоғамдық бірлестіктердің басшылары, адам құқықтары және бала құқықтары жөніндегі уәкілдер, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары енді. Кеңесті қала әкімі Ерболат Досаев басқарады, төрағаның орынбасары - қала әкімінің инклюзия мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Қасиет Омарова.


Отырыс барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық саласына инклюзивті қағидаттарды енгізу мәселелері талқыланды.




«Бүгінде Алматыда ерекше қажеттіліктері бар 58 мыңнан астам адам тұрады, оның 9 мыңы — біздің балаларымыз. Әрбір азаматтың еркін дамуға, оқуға, жұмыс істеуге және сүйікті қаламыздың дамуына өз елеулі үлесін қосуға мүмкіндігі бола отырып, өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі маңызды», - деді Ерболат Досаев отырысқа қатысушыларға арнаған сөзінде.



Сондай-ақ, қала әкімі инклюзивті қаланың қолжетімді және сапалы әлеуметтік инфрақұрылымы бар тең мүмкіндіктер қағидаттарын енгізу Алматы әкімдігі жұмысының басты міндеті болып табылатынын атап өтті. Дәл осындай мақсат Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасында және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективада  көрініс тапқан.


Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың алдын алу, оңалту және әлеуметтендіру шаралары іске асырылуда. Мәселен, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2023 жылы ҮЕҰ 500-ден астам баланы қамти отырып, оңалтудың интеграцияланған моделі бойынша «ерте араласу» пилоттық жобасын іске асырды. Сонымен қатар, тәуекел тобындағы балалар мен церебральды сал ауруы бар балалар тізілімінің бірыңғай базасы құрылады.



Қаланың Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының базасында 2023 жылы «бір терезе» қағидаты бойынша  жүктілікті  қорғау орталығы ұйымдастырылды, онда өткен жылы 1,8 мыңнан астам жүкті әйелге кеңес берілді. 2024 жылы елімізде алғаш рет туа біткен ақаулар мен хромосомалық патологияларды уақтылы анықтау үшін «Бір күндік клиника» жобасы іске асырылды. Биыл 10 мың жүкті әйелді қамту жоспарлануда.



Ерекше қажеттіліктері бар балаларды құрдастарының ортасына қосу мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан өту мерзімдерін қысқарту жөнінде шаралар қабылдануда. Мәселен, 100 мыңнан астам бала тұратын Алатау және Әуезов аудандарында консультациялардың  филиалдары ашылды. Алатау, Наурызбай аудандарының түзету кабинеттері оқушылардың инновациялық шығармашылық орталықтарының жаңа ғимараттарына орналастырылды, педагог кадрлардың құрамы ұлғайтылды. Бұл  тексеруден өту мерзімін 30-дан 15 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді.



  • 2023 жылдың қазан айынан бастап ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 15 ұйымда  1400 орындық  мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды.

  • Инклюзия үшін жағдай жасау шаралары аясында өткен жылы 433 адамға арналған инновациялық техникалық оңалту құралдары қосымша сатып алынды. Жалпы, өткен жылы техникалық оңалту құралдарымен қамту 90% -ды құрады. Биылғы жылы 95% қамтуды қамтамасыз ету жоспарлануда, бұл ретте жергілікті бюджет есебінен инновациялық қаражатты қосымша сатып алу бағдарламасы да жалғастырылатын болады.

  • Қала әкімінің тапсырмасы бойынша «Яндекс.Такси». Арнайы көлік саны 64-тен 100 бірлікке дейін ұлғайтылды, қызметті 2 мыңнан астам адам пайдаланады, оның 800 – і балалар.

  • Кедергісіз орта құру және мүмкіндігі шектеулі жандардың  мобильділігін арттыру мақсатында өткен жылы Алматыда алғаш рет 7,5 мың инфрақұрылым нысандарына паспорттау жүргізілді. Биыл тағы 15 мың нысанды зерттеу жоспарлануда. Ағымдағы жылы ерекше қажеттіліктері бар қала тұрғындары үшін 750 нысанды бейімдеу жоспарлануда.

  • Ерекше қажеттіліктері бар қала тұрғындарының өзін-өзі  бейімдеуін және өмір сүру сапасын арттыру үшін жалақының кемінде 70% -ын субсидиялау, сондай-ақ жұмыс берушілердің арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға арналған құрылымдарды сатып алуға және орнатуға жұмсаған шығындарын өтеу көзделген.


Отырысқа қатысушылар Кеңестің ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады. Оған медициналық қызметтердің қолжетімділігі; инклюзивті білім беру және спорт мәселелері кіреді. Сонымен қатар, Кеңес мүшелері қалалық инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін зерттеуді жалғастырады, инклюзивті туризм және қоғамда инклюзивті мәдениетті қалыптастыру мәселелерін зерттейді.




«Біздің жұмысымыздың басты қағидаттары - инклюзивті қоғамды қалыптастыру игілігі жолында бұл  іске Кеңестің әрбір мүшесін кеңінен тарту, конструктивтілік және тиімділік. Қала тұрғындарының алдында даму, оқу, жұмыс үшін тең жағдай жасау үшін мүмкіндіктерді пайдалануда және өкілеттіктерді ғана емес, сонымен қатар жауапкершілікті де күшейтуге шақырамын. Әрбір қала тұрғынының Алматының өркендеуіне өз үлесін қосуы үшін өзін - өзі бейімдеуге мүмкіндігі болуы тиіс», - деп қорытындылады сөзін Ерболат Досаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:47

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15

14:44

14:14

13:02

12:45

12:22

11:49

11:11

10:50

10:09

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43