AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ералы Тоғжанов Алматы мектептеріндеі орын тапшылығ...

Ералы Тоғжанов Алматы мектептеріндеі орын тапшылығын азайту жөніндегі жұмыс барысымен танысты 

Әлеумет 03.11.2021, 07:06 1,150
Ералы Тоғжанов Алматы мектептеріндеі орын тапшылығын азайту жөніндегі жұмыс барысымен танысты 
primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мегаполистегі әлеуметтік-мәдени даму және эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мәселелері бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асырудың барысымен танысу мақсатында жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Вице-премьер келген бойда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровпен бірге Алатау ауданында салынып жатқан жаңа мектепке барды. 

Айта кетерлігі, бұл 1800 орындық  алғашқы мектеп (бұрын нысандардың максималды қуаты 1200 оқушы орнынан аспаған). Құрылыс Саялы шағын ауданда жүргізілуде, мұнда ішкі көші-қонның және бірқатар тұрғын үй кешендерінің салынуы бұрыннан бар орта білім беру мекемелерінің жүктемесін арттыратыны ескерілді. Сондықтан, жаңа мектептің құрылысы үш ауысымды білім беруге жол бермеуге бағытталған.


Бүгінде құрылыс жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде, нысанды пайдалануға беру биылғы жылдың соңына дейін жоспарланған. Тиімді білім беру үдерісін ұйымдастыру үшін жайлы кабинет қоры, спорт және акт залдары және т.б. қарастырылған. Барлық оқу аудиториясы заманауи құрылғылармен жабдықталатын болады.



Алматыда барлығы 12 600 орындық 8 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде  5 100 орындық үшеуі (Саялы шағын ауданында – 1800 орындық; Томирис шағын ауданында – 1500 орындық; Қалқаман-2 шағын ауданында – 1800 орындық) биылғы желтоқсан айында тапсырылады. Қалған 5 мектепті 2022 жылы аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, қазіргі орта білім беру мекемелеріне қосымша 17 корпус пен 13 жекеменшік мектептің құрылысы аяқталуда. Осылайша, биыл жыл соңына дейін мегаполисте 16 мың оқушы орны іске қосылады, бұл қазіргі тапшылықты 47%-ға қысқартады. 


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов халық өсімінің жоғары көрсеткіштері жағдайында 1800 және одан да көп орынға арналған ауқымды мектептер салу практикасын жалғастыруды тапсырды. 


Вице-премьердің жұмыс сапары барысында санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, креативті индустрияларды дамыту, «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы бойынша бірқатар жұмыс кеңесін өткізу жоспарланған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тоғжанов #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);