Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Енді жердің кезегіне де электронды түрде тұруға бо...

Енді жердің кезегіне де электронды түрде тұруға болады

Әлеумет 07.04.2022, 12:57 1,490
Енді жердің кезегіне де электронды түрде тұруға болады
Сурет: Kn.kz

Тіпті кезегінің жылжу барысын да әр азамат өз бетінше бақылай алады.


Енді кәмелет жасына толған әрбір қазақстандық үйден шықпай-ақ, 10 сотық жерге eGov.kz арқылы өтінім бере алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарлауынша, тұрғындар, тіпті кезегінің жылжу барысын өз бетінше бақылап, жер кезегіне бұдан бұрын берілген өтінішінің деректерін өзектендіре алады. Бұл процес әрбір қазақстандық алуы тиіс 10 сотық жерді алу барысын барынша ашық қылады. Ал автоматизация арқасында бұл процеске 5 минут қана жұмсалады. Бұған дейін жер учаскесін алу кезегіне тұру үшін қазақстандықтар әкімдіктерге қағаз жүзінде өтініш тапсыратын, онда кезек реті дұрыс жүргізіле бермейтін. Оның үстіне, кезде кезекке тұру процесі 12 күн уақытты алатын. Бұл өтініштер 16 жыл бойы аудан, қала, облыс деңгейінде бөлек-бөлек сақталды.



«Әкімдіктер берген тізімді біз цифрландырып, электронды форматқа ауыстырдық. Жер теліміне кезекті цифрландыру – сыбайлас жемқорлықты жою және жерді игеру үдерісінде жасалған үлкен ілгері қадам. Енді кәмелет жасына толған әрбір қазақстандық үйден шықпай-ақ, 10 сотық жерге eGov.kz арқылы өтінім бере алады. Тағы бір жаңашылдық – енді таңдаған аймақтың әкімдігіне бармай-ақ, еліміздің кез келген өңірінен жер теліміне өтінім беруге болады», – деп түсіндірді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.



Бұл қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталына кіріп, «Жылжымайтын мүлік» – «Жер қатынастары» бөлімінен «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру» қызметін таңдау қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жер #кезек #егов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда су басу қаупінің алдын алу үшін қызметтер тәулік бойы кезекшілікке көшірілді

Бүгін 22:35

Алматыда «Қаладағы заң» атты жастар квесті басталды

Бүгін 20:45

Бокстан Бразилиядағы әлем кубогына шолу

Бүгін 18:48

200 қазақстандық оқушы Хьюстондағы робототехникадан әлем чемпионатына қатысады

Бүгін 18:41

Екі қазақстандық спортшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика