AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Енді балалар лагерьлері қызметін лицензиялау мінде...

Енді балалар лагерьлері қызметін лицензиялау міндетті болады

Әлеумет 06.01.2026, 11:50 414
Енді балалар лагерьлері қызметін лицензиялау міндетті болады
Элеонора Якия

Мемлекет басшысы жақында қол қойған заңға сәйкес, балалар лагерьлерінің қызметі 2026 жылғы 1 сәуірден бастап лицензияланады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Комитет мәліметінше, қабылданған түзетулер балаларға арналған қосымша білім беруді дамытуға бағытталған және білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін жыл бойы және маусымдық стационарлық балалар лагерьлерінің қызметіне қатысты.

"2026 жылдан бастап қосымша білім беру ұйымдары екі санатқа бөлінеді. Бірінші санат – қызметі лицензиялауға жататын білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін ұйымдар. Екінші санат – хабарламалық тәртіппен жұмыс істейтін қосымша білім беру ұйымдары. Мұндай тәсіл саланы реттеуді жеңілдетуге әрі көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Балалардың қауіпсіздігі мен қызмет сапасын қамтамасыз ету мақсатында балалар лагерьлерінің қызметі 2026 жылғы 1 сәуірден бастап лицензияланады. Бұл балалардың демалысы, оқуы және сауықтыруы үшін қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеуге мүмкіндік береді", - дейді комитет өкілдері.

Жаңа заңға сәйкес лицензияның қолданылу мерзімі бір жылдан бес жылға дейін ұзартылды. Бұл ұйымдарға түсетін әкімшілік жүктемені азайтып, құжаттарды жыл сайын қайта рәсімдеу қажеттілігін болдырмайды. Лицензияның бес жылға берілуі ұйымдардың қызметінің тұрақтылығы мен мемлекеттік бақылауды жүйелі түрде жүзеге асыру арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.

Қабылданған шаралар балалардың демалысы, оқуы және сауықтыруы үшін қауіпсіз әрі сапалы жағдайлар жасауға, сондай-ақ елімізде білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсетудің бірыңғай стандартын қалыптастыруға бағытталған.

Қазіргі таңда қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының қызметін реттейтін тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстары жүріп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#лагерь
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Кеше 17:36

Түркияда тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық жарыс басталды

Кеше 17:17

Қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына 5 қола салды

Кеше 16:28

Алматының сегіз ауданында 10 мыңға жуық тұрғынның қатысқан жергілікті сенбіліктер өтті

Кеше 15:57

Алматыда Карьерная көшесінде тұрғындар мен коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен сенбілік өтті

Кеше 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика