"Еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясы"

"Еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясы"  Алматы автомеханика колледжі

Кәсіптік білім беру жүйесінде соңғы жылдары үлкен реформалар жүргізіліп жатыр. Олардың  қатарында  "WorldSkills" халықаралық қозғалысы, "Жас маман" бағдарламасы бойынша колледждердің оқу-материалдық базасын нығайту, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды енгізу, «Педагог мәртебесі» туралы заң, оқытуда модульдік - құзыреттілік тәсілді қолдану, білім беру бағдарламаларын игеру сапасын бағалаудың балдық - рейтингтік жүйесін енгізу, педагогтердің жалақысын арттыру, студенттердің шақіртақысын өсіру, колледждерде, мамандықтарына сай, құзыреттілік орталықтарын іске қосу сияқты қадау-қадау  мәселелер іске асып жатыр. Бүгінгі күнде ең құантатын жағдай ол, кәсіби білім беруді дамытудың ең ерекше жалғасы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы болды. 

Жолдауда  кәсіптік білім беру реформаларының маңыздылығын атап, осы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.  Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру қажет.  Жұмысшы мамандықтар жылы біздің қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге де жәрдемдесетін болады", –деген  Мемлекет басшысының сенімі бізге ерекше серпін беріп отыр.

Сондай-ақ, ел Президенті  «жұмыстың жаманы жоқ, кез – келген еңбек құрметке ие.  Ең бастысы, әрбір азамат өз міндеттерін адал, терең жауапкершілік сезімімен орындаса, біздің ел прогресс жолында биіктерге жетеді» деп отыр. Әрине,   қоғамда ең алдымен  адал және жауапты жұмыс міндетті түрде бағаланады деген түсінік қалыптасуы керек.   Бұрын марапаттар мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне ғана арналып келді.  Ендігі жердеМемлекет басшысы еліміздің бәсекеге қабілетті экономикасы мен үдемелі ілгерілеуін қалыптастыру үшін жұмысшы кәсіптері мен түрлі сала мамандарының беделін дәйекті түрде арттыру қажет, -деп толықтырды.  Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін орындаудың өзектілігі мен қажеттілігін Алматы автомеханика колледжінің инженерлік-педагогикалық ұжымы болашақ мамандарды жан-жақты оқытып,  сапасын арттыруды мақсат етіп,  өз жұмысын жалғастыруда, өйткені еліміздің даму тарихында жұмысшы мамандықтар жылы алғаш рет жарияланып отыр.

Колледждің тарихы құрылыс саласының білікті жұмысшы кадрларын даярлау үшін "Минтяжстрой" жанындағы қалалық кәсіптік техникалық училищенің ашылуынан басталады.  Бұл  өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының соңы. Сол кездің өзінде  мемлекет құрылысына аса қажет краншы, жүргізуші, автокөлік слесары, ағаш ұстасы сияқты жұмысшы мамандарды даярлаған екен.  Талай белестен өткен оқу орны Алматы қаласы әкімдігінің шешімімен   2013 жылдан бастап, «Алматы автомеханика колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді. Бүгінгі таңда колледж  "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану",  "Дәнекерлеу ісі";  "Токарлық іс және металл өңдеу"  сынды мамандықтардың мамандарын даярлап жатыр.  Колледжде 800-ден астам студент оқиды. Оқыту модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде жүргізіледі. Біз дуальды оқыту жүйесі негізінде серіктес кәсіпорындармен өндірістік және кәсіптік тәжірибе  бойынша ынтымақтастық негізде жұмыс жасап жатырмыз. Колледждің оқу-материалдық базасы  "Жас маман" бағдарламасына сәйкес машина жасау бағыты бойынша заманауи жабдықтармен жабдықталған.  Жыл сайын Алматы қаласының әкімдігі еңбек нарығы мен әлеуметтік әріптестердің талаптарына сәйкес колледждің қолда бар материалдық базасын жетілдіруді жүргізіп келеді. Колледждің ұжымы  тиісті санаттары мен білімі бар мықты инженерлік-педагогтерден тұрады. Бұл тұрғыда  колледж педагогтары қалалық және республикалық деңгейде біліктілікті арттыру курстарынан өтіп отырады.

Алматы қаласы әкімдігінің бастамасына сәйкес арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері  үшінші жыл қатарынан экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің оқу орталықтарында халықаралық тағылымдамадан өтуді жалғастырып жатыр.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
8
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

22:08

18:27

18:13

17:58

17:49

17:09

16:39

16:19

16:00

15:02

13:40

13:37

13:30

13:27

13:24

13:18

13:09

12:43

12:32

12:28

12:21

11:39

11:36

11:33

10:57