Еңбек пен шеберлік бағаланатын  уақыт

Еңбек пен шеберлік  бағаланатын  уақыт almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты сұхбатында Жұмысшы мамандықтар жылына қатысты пікір білдірді. «Біз еңбек адамының абырой-беделін көтеріп, еңбекқорлық, кәсібилік сияқты құндылықтарды дәріптеу үшін әлі талай шаруа атқаруымыз керек. Экономиканың көптеген саласында жұмыс қолы жетіспейді. Жұмысшы мамандықтар мол әрі тез табыс табу тұрғысынан қызықтыра қоймауы мүмкін. Бірақ бұл мамандықтардың еңбек нарығында сұранысқа ие болатынына да, қоғамдағы мәртебесі жоғары болатынына да кепілдік бар», – деді Президент.

Алматы электромеханика колледжінің бүгінгі нарықтағы сұранысқа ие білікті, бәсекеге қабілетті жұмысшы мамандар даярлаудағы мәртебелі міндетті атқаруға қосар үлесі мол.

Колледжіміз электротехника және энергетика, транспорт салалары бойынша мамандар даярлаумен айналысады. Қазіргі кезде колледжде 872 студент білім алуда, оның ішінде жұмысшы мамандықтарын игеріп отырғаны – 730.

Президентіміз сұхбатта ерекше атап өткен «жасыл» энергетика, жел, күн және гидроэлектростанцияларын дайындау және орнату міндеттерін іске асыруға үлес қосу мақсатында биылғы жылы алғашқы рет «Жаңартылған энергетика» мамандығы бойынша жұмысшы мамандар тобына білім алушылар қабылданды.

2024 жылдың 24 сәуірінде әлеуметтік серіктесіміз «Smart Light Group» ЖШС көмегінің арқасында колледж шеберханасында заманауи құралдармен жабдықталған «Ақылды үй» зертханалық кабинеті іске қосылды.

2024 жылғы 10 қыркүйекте колледжіміздің базасында «Электр және электромеханикалық жабдықтар» құзыреттілік орталығы ашылды. Ол колледждердің студенттерін ғана емес, сонымен қатар ЖОО және ТжКБ жеке ұйымдарының студенттерін практикалық оқытуды қамтитын, өндірістік кәсіпорындар мен оқу орындары қызметкерлерін қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын кәсіптік білім берудің инновациялық «хабын» құруға мүмкіндік береді, сондай-ақ WorldSkills қатысушыларын, сарапшыларын даярлауға арналған оқу-жаттығу лагері және чемпионаттарды өткізуге арналған алаң ретінде жұмыс істейді.

Алматы электромеханика колледжі қаламыздың көптеген ірі мекемемелерімен серіктестікте жұмыс істейді. Дуальды оқыту жүйесі бағдарламасы негізінде студенттеріміз өздерінің кәсіптік практикаларын «Алматы электрмеханика зауыты» ЖШС, «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС, «Сайман» прибор жасау зауыты» кәсіпорны, Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы Су» МКК, «Mega Motors» ЖШС, тағы сол сияқты көптеген ірі мекемелерінде өтеді.

Сонымен, 2023 жылдан бастап «Колледжге неміс дуальды оқыту жүйесін енгізу» пилоттық жобасы іске асырылуда. Бұл жоба Германия Федеративтік Республикасының жұмыс берушілерімен академиялық ұтқырлық шеңберінде студенттер мен педагогтар алмасудың халықаралық бағдарламаларына қатысу үшін жоғары білікті кадрларды даярлау жөніндегі байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етуде. Жоба аясында колледж, Janser Consult GmbH көпсалалы консалтингтік компаниясы және Германиядан келген жұмыс берушілер – IHK Magdeburg кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы, Ib Mitte gGmbH компаниясының Германияның Орталық директоры, Hans Kupfer GmbH отбасылық кәсіпорнының өңірлік директоры, Sitex GmbH директорының орынбасары – арасында ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.

Өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында 2025 жылдың қаңтар айынан бастап Германия компаниясына 4-курстың 20 студентін өндірістік практикадан өту үшін, ал колледждің 11 түлегін жұмысқа орналастыру үшін жіберу жоспарлануда.

2025 – «Жұмысшы мамандықтар жылы» біз үшін үлкен мүмкіндіктер жылы деп білеміз. Басты мақсатымыз – ел нарығының өсуіне, еліміздің дамуына үлес қосатын бәсекеге қабілетті, нағыз өз ісінің шебері болып табылатын жүмысшы мамандар даярлау!

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:45

17:28

17:10

17:04

16:42

16:38

16:36

16:31

16:15

16:03

15:45

15:24

15:10

15:02

14:57

14:52

14:44

14:27

14:21

14:10

13:35

13:30

13:17

13:07

13:00