Еңбек нарығына 1,6 млн жұмысшы қажет

Еңбек нарығына 1,6 млн жұмысшы қажет t.me/KZgovernment

2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланды. Бұл бастама аясында еліміздің әр өңірінде, соның ішінде Абай облысында, техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуға ерекше назар аударылуда. Өңірде заманауи білім беру бағдарламаларын енгізу, жаңа оқу бағыттарын ашу, сондай-ақ студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету сияқты маңызды жобалар іске асырылмақ, деп хабарлайды  Aqshamnews.kz..

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, алдағы алты жылда Қазақстанда жұмысшы мамандықтары бойынша 1,6 миллион маман қажет болады. Оның ішінде 400 мыңға жуық адам – кәсіптік-техникалық білім алған жұмысшылар. Бұл еңбек нарығындағы сұраныс техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртудың маңыздылығын көрсетеді.

Қазірдің өзінде мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін 1,6 мың кәсіби стандарт жаңартылып, білім беру бағдарламаларының 87%-ы соларға бейімделген. Мұндай қадамдар өңірлердегі техникалық мамандықтарға деген қызығушылықты арттырып, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтады.

Абай облысы жұмысшы мамандықтарын дамытуда белсенді түрде алға қадам басуда. Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің директоры Қаныш Төлеуов:

«Техникалық және кәсіптік білім беру саласында біз үлкен өзгерістер күтеміз. Қазіргі таңда біздің колледждегі мамандықтар еңбек нарығында өте тапшы. Жаңа бағыттарды енгізу арқылы біз оқыту сапасын арттыруға сенімдіміз», — деп атап өтті.

Ал IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінің директоры Оралхан Сартаев бұл жылды техникалық білім беру жүйесі үшін маңызды кезең деп бағалады:

«Президенттің шешімі білім беру жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік береді. Алдағы үш жылда барлық студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. Жыл сайын колледжден 250-ге жуық түлек шығады, олардың 90%-дан астамы жұмысқа орналасады», — деді ол.

Абай облысында жаңа оқу бағыттарын ашу жоспарланып отыр. Бүгінде өңірдегі техникалық колледждерде геодезия, картография, құрылыс, IT және жаңа технологиялар сияқты мамандықтар оқытылуда. Бұл мамандықтар қазіргі уақытта еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие.

Сонымен қатар, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі де назардан тыс қалмайды. Алдағы үш жылда өзге қалалардан келген барлық студенттерге жатақхана беру жоспары жүзеге асырылады. Бұл – студенттер үшін үлкен қолдау болмақ.

Жұмысшы мамандықтары жылы – Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге үлкен мүмкіндік. Абай облысында осы бағытта қолға алынған жобалар аймақ экономикасын дамытып қана қоймай, жастарға сапалы білім мен тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігін ұсынады. Бұл қадамдар еңбек нарығын білікті мамандармен қамтамасыз етуге, елдің өндірістік және инновациялық әлеуетін арттыруға зор ықпал етеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:50

21:22

20:02

19:45

19:17

19:00

18:51

18:38

18:31

18:19

18:15

17:50

17:38

16:44

16:31

16:22

16:10

16:00

15:52

14:57

14:49

14:44

14:18

14:05

13:32