AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жеті айдағы же...

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жеті айдағы жетістігі

Әлеумет 19.08.2021, 14:15 1,595
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жеті айдағы жетістігі
Gov.kz

2021 жылдың 7 айында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.


 Ағымдағы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, 397,6 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды. 288,8 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 166,3 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды.


 Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 14,2 мың адам жіберілді. 4,5 мыңнан астам адам өз ісін ашу үшін жеңілдікті микрокредиттер, ал 18,1 мыңы қайтарымсыз мемлекеттік гранттар алды.



Субсидияланатын жұмыс орындарына 142,9 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 15,9 мың адам; жастар практикасына – 16,3 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 110,7 мың адам. Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 1 133 отбасы немесе 3 750 адам қоныс аударды, оның ішінде 1 610 адам еңбекке қабілетті жаста болып табылады. Оның ішінде 1 075 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмысқа орналастырылды және 76 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады, 4 адам оқуға жіберілді.



Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты. 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді.



Қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды. Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адам бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбек #жетіай #көрсеткіш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);