AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / "Ең керемет дәм!" Джей Лоның вокалисі Қазақстан шо...

"Ең керемет дәм!" Джей Лоның вокалисі Қазақстан шоколадының дәмін көрген жақындарының әсерін бөлісті

Мәдениет 10.09.2025, 14:09 872
"Ең керемет дәм!" Джей Лоның вокалисі Қазақстан шоколадының дәмін көрген жақындарының әсерін бөлісті
сурет: видео кадры

Әйгілі әнші Дженнифер Лопестің вокалисі Шэрон Янгблад парақшасында Қазақстан жайлы әсерін әлі де бөлісіп жатыр. Бұл жолы ол елден әкелген қазақстандық шоколадты АҚШ-тағы туыстарына үлестіргенін айтты, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Шэрон гастрольдік сапар кезінде Алматыға келіп, алғаш рет жергілікті тәттілерді жеп көргенін, жанкүйерлер оған қорап-қорап шоколад сыйлағанын жеткізді.

"Мені көптен бері бақылайтындар біледі: Қазақстан халқымен арада ерекше жақындық қалыптасты. Елге де, адамдарға да ғашық болдым. Сол себепті сол жақтан алған сыйлықтарымды бөліскім келді. Қазақстандық қара шоколад – өмірімде жеп көрген ең үздік тәттілердің бірі", – деді Янгблад.

Жарияланған видеода оның туыстары қазақстандық шоколадтың дәмін татып көріп, жоғары баға берді.

"Таңғажайып! Біздің шоколадқа мүлде ұқсамайды, мүлдем бөлек. Бұл – мен жеп көрген ең керемет қара шоколад", – дейді вокалистің туысы. 

Басқалары да "бұған дейін мұндай дәмді шоколад жеп көрмегенін», "ең ұнатқан тәттілерінің біріне айналғанын" айтты.

Еске салайық, бұған дейін Шэрон Алматыға келгенде қазақстандық шоколадтты қатты ұнатып қалғанын айтып, кейін қонақ үй қызметкерлері оның нөміріне отандық өндірушіден келген тәттілердің қомақты қорын жеткізіп берген еді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дженнифер Лопес #джейло
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылуында сөз сөйледі

Бүгін 22:15

Қазақстан, Өзбекстан және БАӘ Қазақстан – Өзбекстан – Ауғанстан – Пәкістан теміржол бағытын дамытуға ниетті

Бүгін 21:30

Мемлекет басшысы Бавария Премьер-министрінің орынбасары – Экономика, өңірлік даму және энергетика министрі Хуберт Айвангермен кездесу өткізді

Бүгін 21:16

Қазақстан Президенті Бавария Премьер-министрі Маркус Зёдермен кездесу өткізді

Бүгін 20:31

Ашық диалог: Дархан Сатыбалды Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесті

Бүгін 19:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);