AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Емханаға күрделі жөндеуден өтетін болды

Емханаға күрделі жөндеуден өтетін болды

Әлеумет 24.11.2023, 12:08 1,346
Емханаға күрделі жөндеуден өтетін болды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Ерболат Досаев Алматыдағы Қалқаман шағын ауданындағы № 7 қалалық клиникалық аурухананың жанындағы емханаға күрделі жөндеу жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Наурызбай ауданына жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев № 7 қалалық клиникалық аурухана жанындағы емхана ғимаратын аралап, ғимараттың ағымдағы жай-күйін және медициналық инфрақұрылымды қарап шықты. 2018 жылы № 35 қалалық емхана қайта құрылып, №7 қалалық клиникалық ауруханаға қосылған болатын. 


№7 қалалық клиникалық аурухананың директоры Манас Рамазанов қала басшысына № 7 МКБ тек Алматыда ғана емес, республикада да ірі медициналық мекеме болып табылатынын баяндады. Мұнда тәулік бойы стационарда 800-ге жуық пациент ем алады, 20-дан астам медициналық бейін бойынша көмек көрсетіледі. Нейрохирургиялық көмек бойынша медициналық мекеме қаланың 4 ауданына көмек көрсетеді, қаланың инсульт төсектерінің жартысы немесе 70-тен астам төсек осы мекеменің екі инсульт бөлімшесінде орналасқан. №7 МКБ жанындағы емханаға іргелес аудандардың 31 мыңнан астам тұрғыны тіркелген. Қазіргі уақытта амбулаториялық-емханалық қызметтің жоспарлы қуаты бір ауысымда 200 келушіні құрайды. Клиникада 2 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.


Қала әкіміне медициналық мекеме ғимараттарын аралау барысында ағымдағы жылдың наурыз айында өткізілген құрылыс конструкцияларын техникалық тексеру қорытындылары ұсынылды. Қойма бөлмелері орналасқан емхананың жертөле қабатында ені 2-3 см болатын барлық қабырғаларда көлденең жарықтар бар, олардың ішінде де, сыртында да – бірінші және екінші қабаттар арасында. Ғимараттың бұрыштық бөлігі шөгінді берді, құрылымның тұтастығы бұзылды, бұл қызметкерлер мен келушілерге қауіп төндіреді. Қазіргі уақытта емхана ғимараты "апатты" деп бағаланды.


№7 МКБ жанындағы емхананы тексеру қорытындысы бойынша Алматы әкімі Ерболат Досаев қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына медициналық инфрақұрылымды одан әрі жаңарту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. Құрылыс басқармасына емхананы күрделі жөндеу, реконструкциялау, модернизациялау және клиника стационарын заманауи медициналық жабдықтармен қосымша жарақтандыру және инновациялық технологияларды енгізу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу тапсырылды. Бұл жұмыстар халыққа заманауи сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. 


Медициналық ұйым ғимаратын күрделі жөндеу жобасы және іске асыруды бастау 2024 жылға жоспарланған. Айта кетерлігі, құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде клиниканың қызметін жалғастыра береді, яғни пациенттерге медициналық көмек толық көлемде көрсетілетін болады. Жалпы модернизациялау халыққа заманауи сапалы медициналық көмек көрсетудің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #емхана #қалқаман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);