AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елордада Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ф...

Елордада Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы басталды

Әлеумет 13.07.2023, 04:49 1,144
Елордада Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы басталды
Сурет: ашық дереккөз

Бүгін елордада «Өзгермелі әлемдегі Азия: Болашақтың күн тәртібі» тақырыбы бойынша Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  


Шара барысында сөз алған Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Азиядағы саяси және экономикалық мәселелерді талқылап, өз ұсынысын білдіру үшін Астанаға жиналған сарапшыларға алғыс білдірді, деп жазды ҚазАқпарат. Сонымен қатар ведомство басшысы форумның қатысушыларына арналған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың хатын оқып берді.



«Құрметті форум қатысушылары!


Мен Сіздерді елордада өтіп жатқан жоғары деңгейдегі шарада қарсы алғаныма қуаныштымын. Қазіргі күрделі жаһандық жағдайда сарапшылар қауымдастығымен тікелей әрі ашық диалог орнату аса қажет болып отыр. Бүгінгі таңда әлем бұрын сонды болмаған қиыншылықтарға тап болды. Біз жаһандық экономика тұрақсыздығының, өсіп келе жатқан геосаяси шиеленістің куәсі болып отырмыз. Осы мәселелер белгісіздік пен өзге де идеологиялық салдарға алып келеді. Дегенмен кең ауқымды дағдарыстар әлемдік қауымдастық үшін, оның ішінде Азия үшін мүмкіндік ұсынады. Сондықтан біз бірлескен күш-жігерімізді қауіпсіз, әділ әлем құрудағы сындарлы идеялар мен тың тәсілдерді табуға бағыттауымыз маңызды. Сондықтан саясаттанушылар, экономистер, жетекші сарапшылар, белді сараптамалық орталықтар және ғылыми-зерттеу иституттары бұл процесте шешуші рөлге ие», - делінген Мұрат Нұртілеу оқып берген Президенттің хатында.



Форумға Азия елдерінен келген 60-тан астам сарапшы қатысып жатыр.


Айта кетейік, аталған шара ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты және Сыртқы істер министрлігінің бірлесіп ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Азия #елдері #форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті

Бүгін 14:45

Дархан Сатыбалды Алматының жылумен қамту нысандарының жылу маусымына дайындығын тексерді

Бүгін 14:38

Егін жинау науқаны – 2026: Олжас Бектенов жиналған астықтың сақталуы және диқандарды ерте қаржыландыру жұмыстарын бастауды тапсырды

Бүгін 14:30

Жекелеген облыстарда жылыту маусымының басталуына санаулы күндер қалды: Олжас Бектенов әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 13:45

Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 13:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);