Элина Еленадан басым түсті

Элина Еленадан басым түсті ФОТО: Сали Сабитров, Қазақстан ҰОК

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасына қола жүлдесі үшін өткен матчта жеңіліп қалды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап. 


Елена кіші финалда әлемнің 6-шы ракеткасы, украиналық Элина Свитолинаға қарсы ойнаған болатын. 


Тартысты матчтың бірінші кезеңін 6:1 есебімен Рыбакина өз еншісіне жазды. Екінші сетте ойын тай-брейкке дейін жалғасып, қазақстандық спортшы 6:7 есебімен тізе бүкті.


Үшінші сетте Елена Рыбакина 4:1 есебімен алда тұрып, нәтижесінде 4:6 есебімен қарсыласқа жол берді. 



Осылайша, Елена Рыбакина қола жүлдеге қол жеткізе алмады. Десе де, Қазақстан теннисінің тарихында алғаш рет Олимпиадада төртінші орын иеленіп отыр. 



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47