ffin.kz

ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ

ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ m.ru.sputnik.kz

 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен бүкілхалықтық сайлаудың бүгінгі қазақ мемлекеттігінің тарихында алар орны ерекше зор


Халықтың болашағы мемлекетімен тығыз байланысты екендігін ешқашан ұмытпауымыз қажет. Биліктің қайнар көзі – халық, халық сол арқылы өз мемлекетін қалыптастырады, мемлекеттің ең жоғарғы басқару органының өкілі – Президентін сайлап алады. Сондықтан да халық пен мемлекет ұғымдары бір-бірінен ажырамас ұғымдар қатарына жатады.


МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕ


Жалпы, әлемдік тарихқа көз жүгірт­сек, қазіргі кезеңде дүние жүзінің онда­ған елінде президент күні мереке ретінде аталынып өтеді. Олардың бәрінде де ол мерекеге негіз ретінде сол елдердегі мемлекеттіліктің қалыптасуы мен да­муына зор үлес қосқан көрнекті тарихи тұлғаларға деген құрмет алынған екен.


Біздің елімізде де бұл мерекеге негіз ретінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назар­баевтың Қазақ Елі алдындағы сіңірген еңбегі, дербес қазақ мемлекетінің құры­луы мен қалыптасуына, мемлекеттіліктің дамуына қосқан зор үлесі алынып отыр. Тереңдеп қарасақ, бұл мерекенің төрінде мемлекеттілік пен оны қалыптастырған және басқарып, белгілі бір нәтижеге жеткізген ресми тұлға – Елбасыға деген құрмет тұр.


Осыдан он жыл бұрын 2011 жылы 10 желтоқсанда ҚР Парламентінің Сенаты «Қазақстан Республикасының мереке­лері туралы» Заңына толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылдап, онда 1 желтоқсанды – Қазақстан Республика­сының Тұңғыш Президенті күні деп белгіледі. Сөйтіп, тәуелсіз Қазақстан­ның қазіргі заман тарихында жаңа мем­лекеттік мереке пайда болды. Алғаш рет Тұңғыш Президент күні 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап елімізде мемле­кеттік мерекеге айналды. Биыл бұл мере­ке тоғызыншы рет аталып өткелі отыр.


ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ  БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ


Мемлекеттің рөлі мен маңызын түсі­ну үшін, алдымен оның анықтамасына назар аударып көрейік. Мемлекет өзін қалыптастырған халықтың өмір сүріп отырған аумағында еркін дамуына жағдайлар жасайтын, ортақ мақсат жо­лында қоғамды ұйымдастыратын және басқаратын жоғары деңгейдегі басқару жүйесі болып табылады. Оның негізгі міндеттеріне – ел мен жердің тұтасты­ғын сақтау және қорғау, шекара тыныш­тығын қамтамасыз ету, ішкі қоғамдық қатынастарды реттеу мен дамыту, сырт­қы қарым-қатынастарды ретке келтіру, материалдық және рухани құндылықтар­ды сақтау мен дамыту және тағы басқа­лары кіреді. Бұл арада материалдық құндылыққа экономика, жер байлығы, көлік қатынасы, халықтың әл-ауқаты және т.с.с. жатқызсақ, халықтың тілі, діні, ділі, дәстүрі, тарихы, әдебиеті, өнері сияқты ұлттың өзегін қалыптасты­ратын факторлар.


Енді тарихтың терең қойнауына бар­май-ақ, соңғы жарты мың жылдық дәуір­дегі қазақ мемлекеттілігінің тарихына көз салсақ, ұлттық сипаттағы қазақ мемлекеті – Қазақ хандығы құрылып, бір орталықтан басқарылатын орталық билік сақталған кезеңдерде халқымыз­дың қандай жағдайда болғандығын көр­сететін ауыз әдебиетінің материалдары күні бүгінге дейін бізге жетіп отыр. Сол дәуірден қалған «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман», «Бақасы қойдай, балығы тайдай», «Қозысы мен бөрісі тату болған» деген және тағы басқа сөз тіркестері мен мәтелдері мемлекеттілігі қуатты болған қазақ қоғамының, халық­тың жағдайының қандай болғандығын көрсетсе керек. Ал одан кейінгі XVIII ғасырда орталық билік жойылып, қазақ мемлекеттілігінде терең саяси дағдарыс орын алып, билеуші топ арасында алауыздықтар орын алған кезеңдегі ха­лық жағдайын «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» сияқты сөз тіркесі мен қайғылы «Елім-ай» әні дәл көрсетеді. Ал XIX ғасырдың бірінші ширегінде хан­дық биліктің жойылуы, қазақ жерінде мемлекеттіліктің түбегейлі күйрегенін көрсетеді де, елі мен жерінен айырылған халықтың ауыз әдебиетінде ол жағдай – қазақ әдебиетіндегі «Зар заман» ағымы­мен сипатталады.


Осыдан-ақ көріп отырғанымыздай, қазақ халқының тарихи жадында мемле­кеттілікке деген сұраныс өте басым орын алады. Сол себепті де, мемлекет, мемлекеттілік, хан, хандық билік деген ұғымдар халық санасында қастерлі ұғымдарға жатады.


ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒЫШАРТТАРЫ


Бүгінгі таңда Қазақ мемлекеттілігін қалыптастырып отырған қазақ халқы мемлекеттіліктің қадірін әбден түсінген, сезінген халық деп ойлаймын. XVIII ға­сырдың басында ішкі және сыртқы фак­торлардың әсерінен ғасырлар бойы өмір сүрген қазақ мемлекеттілігі алдыменен, саяси бытыраңқылыққа ұшырап, одан кейін жартылай тәуелділікке түседі де, XIX ғасырдың бірінші ширегінде түбе­гейлі жойылады. Одан кейінгі жылдары Қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіру үшін болған күрестер жеңіліске ұшы­райды. Ал XX ғасыр басында Алаш авто­номиясының (1917–1920 ж.ж.) құрылуы мен оның өмір сүруі, одан кейінгі жыл­дардағы Қазақ АССР-і (1920–1936 ж.ж.) және Қазақ КССР-і (1936–1991 ж.ж.) – қазақ мемлекеттілігінің тәуелсіздікке апарар жолындағы баспалдақтары бол­ды. Мәскеу қаласындағы КСРО Орталық билігінің әлсіреуі мен күйреуі және қа­зақ халқының дербестікке ұмтылуы 1991 жылы желтоқсан айында қазақ мемле­кеттілігінің дербес, азат болып, қайта өмірге келуіне жол ашты.


Мемлекет құрылымдық жүйе де, оның әртүрлі деңгейлері мен салаларын­да жұмыс жасайтындар – билік жүйесін қалыптастырады. Ал олардың бәрін басқаратын жүйе – Президенттік басқа­ру жүйесі. Ата Заң бойынша, бұл жүйені басқаратын лауа­зым – Президент. 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалық­тық сайлау арқылы Президент болған Н.Назарбаевтың қазіргі замандағы қазақ мемлекеттігінің тарихында алар орны ерекше.


МАҢЫЗЫ ЗОР БАТЫЛ ШЕШІМДЕР


Енді Тұңғыш Президент Н.Назар­баевтың Қазақ Елі тарихындағы аса жо­ғары маңызға ие шешімдеріне назар ау­дарарлық.


1990 жылы сәуірде Қазақ КСР Жоға­ры Кеңесінің шешімімен Президент билігін алған Н.Назарбаев сол жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-ның Егемендігі туралы Декларацияға қол қойды. Бұл де­геніміз – Қазақ Елінің түпкі мақсаты – Тәуелсіз Ел болу екендігін көрсетеді. 1991 жылы шілдеде америкалық «Шев­рон» мұнай компаниясы мен КСРО Мұ­най өнеркәсібі министрлігі арасындағы Каспийдің солтүстік бөлігіндегі Теңіз мұнай кен орнын игеру жөніндегі келісімдерді тоқтатып, америкалық ком­паниямен Қазақ КСР-інің келіссөздер жүргізуіне қол жеткізеді. Сол кездегі батыл шешімнің оң нәтижелерін Қазақ Елі бүгінгі күндері көріп отыр. 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлықтың өзі нағыз Тәуелсіз мемлекеттің шешімімен тең.


 



Біздің дәйектеме:


1991 жылы 1 желтоқсандажалпы халықтық сайлау арқылы Президент болу, 10 желтоқсандаҚазақ КСР атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту, 16 желтоқсанда – "Тәуелсіздік туралы" заңға қол қою, одан кейінгі 1992 жылы наурыздаБіріккен Ұлттар Ұйымына мүше болу, 1992 жылы 7 мамырдаҚазақстан Қарулы күштерін құру, 1992 жылы 4 маусымдаМемлекеттік рәміздерді қабылдау, 1992 жылы 29 қыркүйектеДүние жүзі қазақтарының құрылтайын өткізу, 1993 жылы 15 қарашадатәуелсіздігіміздің символдарының бірітеңгені айналымға енгізу, 1993 жылы және 1995 жылыАта Заңды қабылдау және осындай мемлекетіміз бен халқымыздың тағдыршешер сәттеріндегі құжаттардың бәрінде бір ғана қолПрезидент қолы тұр.


Қазіргі күнде Қазақ Елінің қол жеткізіп отырған жетістіктерінің бәрі сол кезеңдегі Президент шешімдері мен жарлықтарының нәтижесі болып отыр. Бұл ақиқат деректерді ешкім жоққа шығара алмайды.


Міне, сондықтан да ел тарихында президенттік билік жүйесінің және Тұңғыш Президент болған тарихи тұлға Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі ерекше зор. Тұңғыш Президент күні сияқты маңызды мемлекеттік мерекелерді атап өту ең алдымен, халық санасында мемлекеттіліктің маңызын одан әрі айшықтап көрсету үшін, жас ұрпақты мемлекетін сүюге, мемлекетшілдік рухта тәрбиелеу үшін, олардың бойында мемлекеттілік сананы сіңіру үшін, мемлекеттікке деген құрметті көрсету үшін маңызды болып табылады.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04