AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Елімізге Ресейден төрт жолбарыс әкелінеді

Елімізге Ресейден төрт жолбарыс әкелінеді

Әлем 09.09.2022, 09:19 2,197
Елімізге Ресейден төрт жолбарыс әкелінеді
Сурет: Вrod.kz

Амур жолбарысының Қазақстанда бейімделуіне мүмкіндік бар.


Ресейлік мамандар Қазақстанда Амур жолбарысы популяциясын қалпына келтіру жобасы аясында бірінші кезеңде Ресейден төрт жыртқышты жабайы табиғатқа жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«Амур жолбарыстары» орталығының бас директоры Сергей Арамилевтің айтуынша, бұл үшін оңалту орталығында өскен аландар алынады.


«Әзірше оңалту орталықтарына түсетін жолбарыстар жеткілікті болады деп есептейміз. Егер статистика мұндай болмаса, жолбарыстарды жабайы табиғатта ұстауға тура келеді», - деді Арамилев.


Ол Амур жолбарысының Қазақстанда бейімделуіне мүмкіндік бар екенін айтты. Қазіргі уақытта осы жыртқыштар тобы қалпына келтіріліп жатқан Амур облысында бұл түр ХХ ғасырдың басынан бері тіршілік етпеген.



«Түрлі жынысты төрт жолбарысты жіберген жөн. Жануарлардың мінез-құлқы әртүрлі болады. Егер біз еркек пен ұрғашы жұпты бостандыққа жіберсек, ал ұрғашы жолбарыс «саяхаттап», Иранға, Ираннан Түркияға аттанса, онда ол жұп бейімделе алмады деген тұжырым жасалады да, біз жобаны аяқтаймыз. Бұл жануарлардың жеке ерекшелігі болуы мүмкін. Ал екінші, үшінші, төртінші, бесінші - босатылған ұрғашы жолбарыстар ешқайда кетпейді, олар сол жерде қалады. Сондықтан төрт жыртқышты жіберу оңтайлы болады. Бірақ мұның бәрі сол сәтте сол аймақта болатын жолбарыстарға байланысты болады», - деді Арамилев.



Еске салсақ, Қазақстан мен Ресей республика аумағына жолбарысты реинтродукциялау туралы келісімге қол қойды. Жыртқыштардың бір бөлігі Приморье аумағынан жеткізілуі мүмкін. Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан ресейлік тәжірибенің көмегімен 2025 жылы жолбарыстарды Орталық Азияға қайтара алатынын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолбарыс #табиғат #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);