Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізге қанша электромобиль әкелінді

Елімізге қанша электромобиль әкелінді

Әлеумет 10.11.2023, 04:35 940
Елімізге қанша электромобиль әкелінді
Сурет: AUTORIA.ORG

Қазақстан аумағына кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатыла отырып, 6 875 электромобиль әкелінген.


Ел шекарасына 2023 жылдың 10 айында 6 523 электромобиль өткізілген, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап. 


Мемлекеттік кірістер комитетіне сүйенсек, 2023 жылдың соңына дейін квота бойынша кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатыла отырып, отандастарымызға тағы 8 477 электромобиль әкелу мүмкіндігі бар.


"Жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған электромобиль импорты кезінде жылына бір рет жолаушылар кедендік декларациясын беру арқылы кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатыла отырып, 1 электромобиль әкеле алады, тиісінше қандай да бір төлемдерді төлеудің қажеті жоқ", -деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев

Ол үшін Қазақстан Республикасының азаматы болу және Қазақстан Республикасында тұрақты тұру қажет.


Сонымен қатар азаматқа осы электромобильді иелену, пайдалану, билік ету құқығын Ресей Федерациясының азаматтығы бар және Ресей Федерациясында тұрақты тұратын адамдарға кедендік тазарту сәтінен бастап 3 (үш) жыл ішінде беруге тыйым салу түрінде шектеулер қойылады.



Жолаушылар кедендік декларациясын беру үшін азамат өз бетінше (кеден өкілдерінің қызметтеріне жүгіну мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ тауарға ілеспе құжаттарды ұсына отырып, кеден бекетіне инспекторға жүгіне алады.



Комитет ЕЭК Кеңесінің шешімімен 2022 және 2023 жылдары электромобильдерге бажсыз әкелу мүмкіндігі берілгенін атап өтті.


Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында бажсыз әкелу мүмкіндігін 2025 жылға дейін ұзарту жөніндегі мәселе қаралып жатыр.


"Жоғарыда аталған квота шеңберінде кедендік баждарды төлеуден босатыла отырып, бірақ тауар құнының 12% мөлшерінде ҚҚС төлей отырып және 20 000 теңге мөлшерінде кедендік алым төлей отырып, электромобильді әкелудің басқа мүмкіндігі бар", деп жазды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Электромобиль #көлік #салық #Жүргізуші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Орталық Азия мұраты» монографиясы жарық көрді

Бүгін 18:31

Қазақстан прокатына «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» деректі фильмі шығады

Бүгін 18:14

Алмаша Аренова: Қазақстан мен Орталық Азияның стратегиялық әріптестігі жаңа жаһандық жағдайда айрықша мәнге ие

Бүгін 18:10

Қазақстанда балалар күніне 130 минут TikTok көреді

Бүгін 18:04

Түркістан облысында 9 миллион теңге шығын келтірген күдікті ұсталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі