ffin.kz

Елімізге ең көп еңбек мигранты қай елден келеді

Елімізге ең көп еңбек мигранты қай елден келеді Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Былтыр заңсыз жүрген  8 мыңға жуық шетелдік елден кеткен


2024 жылы 22 наурызда  Мәскеудегі «Крокус сити холл» ғимаратында терракт болып, кемі 145 адам қаза тапты, 551 адам жарақат алды. Ресей билігі лаңкестік шабуылды ұйымдастырды деп Тәжікстан азаматтарын қамауға алды. Осыдан кейін Орта Азиядағы еңбек мигранттары мәселесі бұрынғыдан өзектене түсті. Azattyq Ruhy тілшісі Қазақстандағы еңбек мигранттарының саны, олардың жұмыс істейтін салалары туралы ақпарат алу үшін ҚР Көші-қон полициясына сұрау жолдады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Құзіретті органның мәліметіне сүйенсек, былтыр Қазақстанда заңсыз жүрген 73,4 мың мигрант әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 7,7 мың адам елден шығарылған.


Қазақстанға келетін еңбек мигранттары қай салада көп жұмыс істейді?


Қазақстанда 2023 жылы коммерциялық секторда еңбек ету үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 14 588 рұқсат берілген екен. Елімізде жұмыс істеуге кетелетіндер қатарында Қытай азаматтары көш бастап тұр: 


- Қытай – 4 161 адам;


- Үндістанн – 1 253 адам;


- Түркия  – 1 206 адам;


- Өзбекстан – 784 адам.


Олардың көбі құрылыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібінде еңбек еткен. Атап айтқанда:


- құрылыста – 3 544 адам;


- ауыл, орман және балық шаруашылығында – 1 661 адам;


- өңдеу өнеркәсібінда – 1 387 адам;


- тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 298 адам;


- кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 801 адам тағы басқа салаларда қызмет жасаған.


Қазақстанда 300 мыңға жуық мигрант үй шаруашылығында жұмыс істейді


2023 жылы елімізге  үй шаруашылығында жұмыс істеу үшін 295 261 адам келген. Соның ішінде,


- Өзбекстаннан – 278 894 адам;


- Тәжікстаннан – 13 334 адам;


- Әзірбайжаннана  – 3 014 адам;


- Грузия – 16 адам;


- Украина – 2 адам;


- Молдова – 1 адам келген.


Миграциялық полиция 309 849 шетелдік Қазақстанға келіп, берілген рұқсатқа сәйкес еңбек еткенін, олардың ешқайсысы жұмыссыз қалмағанын еске салды.


ІІМ «қара нарықты» қалай бақылап отыр?


Сұраухатымызға жауап берген Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп «қара нарықтағы» еңбек мигранттарын бақылауды іске асыру үшін тиісті шаралар қабылдайтынын атап өткен. 



«Полиция департаменттері заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау үшін жұмысты күшейтіп, сондай-ақ шетелдік азаматтар мінген көлік құралдарын, оның ішінде ірі автомобиль жолдарындағы автобустарды тексереді.  Бұл ретте, «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңының 60-бабына сәйкес қабылдаушы тұлғалардың есебінен заңсыз иммигранттарды елден шығару тетігі қолданылады», - деді Көші-қон полициясынан.



Жұмыс берушілер еңбек мигрантын қабылдауда қандай талаптарды есте сақтағаны жөн?


Қазақстандағы жұмыс берушілер шетелдік азаматтарды жұмысқа қабылдаған кезде, еңбек және көші-қон заңнамасының талаптарын, соның ішінде:


- шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсат алу;


- еңбек шартын жасасу;


- кадрларда жергілікті қамтуды сақтау;


- шетелдік жұмыскерлер үшін ЖТС төлеу;


- жалақыны уақтылы төлеу және басқа да міндеттерін.сақтауы тиіс. Әйтпесе, айыппұл арқалайды. 



«Шетелдік адамды такси жүргізушісі ретінде жұмысқа орналастыру үшін Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органнан тиісті рұқсат алу қажет. Жүргізуші куәлігінің болуын бақылауды жұмыс берушілер мен ішкі істер органдары жүзеге асырады. Бұл ретте тұрақты немесе уақытша тұруға рұқсатты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар сақталған кезде ішкі істер органдары береді», - делінген Көші-қон полициясының хабарламасында.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43

13:13

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55