Еліміздің ұлттық мәдени игіліктері тізімделетін болды

Еліміздің ұлттық мәдени игіліктері тізімделетін болды Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Құжат 21 ақпанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Қазақстанда ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімі жүргізілетін болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірледі.

Мемлекеттік тізілімге ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше мәні бар ұлттық мәдени игілік объектілері (ҰМИО) туралы мәліметтер енгізіледі.

Мемлекеттік тізілімді мәдениет саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік және орыс тілдерінде, қағаз және электрондық жеткізгіштерде жүргізеді.

Мемлекеттік тізілімге мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен ҰМИО туралы мәліметтер енгізіледі. 

Мемлекеттік тізілімді қалыптастыру үшін уәкілетті орган өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын өзінің Интернет-ресурсында тиісті ақпаратты жариялайды.

Мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар беретін ҰМИО туралы мәліметтер:

ҰМИО-ның толық атауын;

ҰМИО-ның сипаттамасын;

ҰМИО-ның жасалған күнін;

ҰМИО деректерін;

ҰМИО-ның шыққан жерін;

ҰМИО-ның орналасқан жерін;

ҰМИО-ның фотосуретін қамтиды.

ҰМИО туралы мәліметтерді уәкілетті орган келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде қарайды.

Мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардан осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ҰМИО туралы құжаттар топтамасы не (немесе) мәліметтер толық келіп түспеген жағдайда, уәкілетті орган талаптарға сәйкессіздікті анықтаған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды. 

Комиссия хаттамасының негізінде уәкілетті орган көрсетілген мерзім iшiнде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

ҰМИО туралы мәліметтерді Мемлекеттік тізілімге енгізу;

ҰМИО туралы мәліметтер ел тарихы және мәдениеті үшін ерекше мәні болмағандықтан, Мемлекеттік тізілімге енгізуге жатпайды.

Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға қабылданған шешім туралы хабарлайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:12

18:05

17:47

17:20

17:15

17:06

16:33

16:12

16:08

16:07

15:52

15:49

15:44

15:42

15:38

15:35

15:22

15:21

15:10

14:55

14:12

14:04

13:53

13:38

13:35