Еліміздің бірқатар өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңіріне дауылды ескерту жарияланды Сурет ЖИ

Бүгін Қазақстанның бірнеше облысында екпіні күшті жел, бұршақ, найзағай, шаңды дауыл және тұман болады, кей өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, облыстың шағысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 25 тамызда күндіз қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 25 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 25 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: 25-29 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 25-29 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 31-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 25 тамызда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 25 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Петропавл қ.: 25 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 25 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:37

12:36

12:21

12:11

12:05

11:31

11:26

11:11

11:02

10:56

10:51

10:38

10:30

10:23

18:59

15:20

13:33

12:11

11:50

10:37

10:00

19:37

17:28

15:15

15:10