Қазақстанның 14 облысында 23 қыркүйекте дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызылорда облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында солтүстік-батыстан соққан желдің таулы аудандардағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент және Түркістан қалаларында 23 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 23 қыркүйекте таңертең және күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.
Күндіз Қарағанды облысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 23 қыркүйекте күндіз кей уақыттарда найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 23 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде 23 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Абай облысының оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Семейде 23 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі деп болжанады. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 23 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада 23 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 23 қыркүйекте таңертең және күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 23 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 23 қыркүйекте оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде аздап нөсер жаңбыр жауады, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 23 қыркүйекте таңертең және күндіз кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с дейін жетеді. Қонаевта 23 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.