Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің авиадиспетчерлері ЖИ бар жаттығу құралда...

Еліміздің авиадиспетчерлері ЖИ бар жаттығу құралдарында даярлаудан өтеді

Әлеумет 18.11.2024, 10:54 649
Еліміздің авиадиспетчерлері ЖИ бар жаттығу құралдарында даярлаудан өтеді
Сурет: Көлік министрлігі

«Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығында 15 қарашада жаңа оқу-жаттығу құрылғысы кешені іске қосылды.

Ол әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлерінің алғашқы дайындығы мен жаттығуларын өткізуге арналған, деп хабарлайды aqshamnews.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

АҚШ өндірісінің «Air Traffic Simulation and Voice Technologies» жаттығу кешенін «Қазаэронавигация» РМК тапсырысы бойынша әуе қозғалысын басқаруды модельдеу жүйесін әлемдік әзірлеуші UFA Inc. құрған.

🔵Ол болашақ диспетчерлердің бастапқы даярлаудан өтіп қана қоймай, жұмыс істейтін диспетчерлердің кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
✔️

Кешеннің техникалық мүмкіндіктері әуеайлақтағы әуе трафигі мен жердегі жағдайды имитация жасауға мүмкіндік береді.
Ал жасанды интеллект оқу барысында пилотты алмастыра алады және радиобайланысқа ЖИ шығады. Сондай-ақ кешеннің функциясына виртуалды шынайылықты модельдеу кіреді, бұл авиадиспетчердің шынайы жұмыс орнын барынша қайталауға мүмкіндік береді.
ℹ️

Жаңа оқу-жаттығу құрылғысы кешені жүйесіне жүктелген аэронавигациялық карталар Республиканың қолданыстағы әуеайлақтары мен әуе кеңістігін имитациялайды. Қазіргі таңда бұл жабдыққа Қазақстанда да, Орта Азияда да балама жоқ.

2023 жылдың қорытындысы бойынша «Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығында 291 адам жаттығу кешенінде даярлаудан өтті. Ағымдағы жылдың 9 айында осындай дайындықтан 192 адам өтті. Жаңа тренажер Орталық нұсқаушыларына болашақ және жұмыс істеп тұрған әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлерін екі есе көп оқытуға мүмкіндік береді.
🔵

Айталық, Кәсіби дайындау орталығы ИКАО TRAINAIR PLUS Gold бағдарламасының толыққанды қатысушысы мәртебесіне ие Қазақстан Республикасындағы жалғыз авиациялық оқу орталығы. Бүгінде КДО басшылығы өз алдына ИКАО TRAINAIR PLUS Platinum мәртебесіне қол жеткізу және Қазақстанның ғана емес, Орталық Азия мен ТМД-ның авиация секторындағы жетекші оқу орталығына айналу міндетін қойып отыр

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АВиадиспетчерлер #Жасанды интеллект #даярлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика