AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің аграрлық секторындағы жалақы көлемі орта...

Еліміздің аграрлық секторындағы жалақы көлемі орташа деңгейден де 40%-ға төмен

Әлеумет 21.02.2022, 05:08 1,348
Еліміздің аграрлық секторындағы жалақы көлемі орташа деңгейден де 40%-ға төмен
Сурет: Gov.kz

Бұл салада 68,9 мың адам еңбек етеді.


Агроөнеркәсіп саласындағы жалақының сатып алу қабілеті бір жылда небәрі 4%-ға өсті, ал бүкіл Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 9%-ға жуық жоғарылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.


2021 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстанда орташа айлық атаулы жалақы* 275,6 мың теңгені құрады. Бұл ретте ең төменгі жалақы - 167,3 мың теңгені ауыл, орман және балық шаруашылығы саласының жұмысшылары алды, бұл республикалық орташа деңгейден 39,3%-ға аз.


Сонымен қатар, ауыл, орман және балық шаруашылығы саласындағы жалақының сатып алу қабілетінің өсімі 2020 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда Қазақстан Республикасы бойынша орташа көрсеткіштен екі есеге аз: тиісінше 4,2% немесе 8,7%.


* осы жерде және бұдан әрі қарай – кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоспағанда



Агроөнеркәсіптік саласы құрылымында орташа айлық жалақы сегментке байланысты айтарлықтай өзгереді. Ең жоғары жалақы көрсеткіші - 212,5 мың теңге орман шаруашылығы және ағаш кесу саласында байқалады. Одан кейінгі орында егін және мал шаруашылығы – бар болғаны 166,2 мың теңге, ал балық және аквамәдениет шаруашылығында одан да төмен, небәрі 98,6 мың теңге.


Қазақстан Республикасының өңірлері арасында ауыл, орман және балық шаруашылығы саласындағы еңбекақы Маңғыстау облысында 42,5 мың теңгеден басталып, Нұр-Сұлтан қаласында (мұнда сектордың барлық негізгі шенеуніктері мен бас кеңселер және ірі компаниялар орналасқан, бірақ жұмыс істейтін фермерлердің өздері емес) 307,6 мың теңге аралығында болып отыр.



Сонымен қатар, 2021 жылдың төртінші тоқсанында ауыл, орман және балық шаруашылығы саласындағы қызметкерлердің саны тізім бойынша 68,9 мың адамға жеткен.


Оның ішінде 66,1 мың адам өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында, 2,3 мың адам орман және ағаш кесу саласында, 500-ге жуық адам балық және аквамәдениет саласында еңбек етеді.



Жалпы, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда саладағы орташа айлық атаулы жалақы 150 мың теңгені құрады, ал жалақының сатып алу қабілеті 2020 жылмен салыстырғанда 5,9%-ға өскен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауыл #жалақы #шаруашылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жол апатынан үш жасөспірім қаза тапты

Бүгін 10:27

«Тұран» университетінде XV Turan Model United Nations 2026 конференциясы басталды

Бүгін 09:37

Сенбіде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Бүгін 09:30

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Кеше 18:52

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Кеше 18:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика