Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Еліміздің 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту...

Еліміздің 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Өмір-өзен 09.03.2022, 12:55 1,665
Еліміздің 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Тrend.az

Республиканың сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды


«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 10 наурызда Ақмола облысының оңтүстігіне, батысына тұман түседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Солтүстік-шығыстан, күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.


Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетуі ықтимал.


Атырау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.


10, 11, 12 наурыз күндері түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жауын жауады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы солтүстік-шығысқа ауысып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке, екпіні 23 м/с-ке жетуі ықтимал.


Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан, күндіз солтүстік-шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.


Қызылорда облысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.


10 наурыз күні түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман түседі. Шығыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, облыстың оңтүстігі мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.


10-12 наурызда Түркістан мен Жамбыл облысында ауа райының жылынуы мен толассыз жауған жаңбырға байланысты өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ел #өңір #ауа рай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика