Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Еліміздегі тұңғыш томотерапия орталығы Алматыда аш...

Еліміздегі тұңғыш томотерапия орталығы Алматыда ашылды

Медицина 01.10.2021, 15:09 1,601
Еліміздегі тұңғыш томотерапия орталығы Алматыда ашылды
Сурет: Inform.kz

Қатерлі ісікке шалдыққандар шетел аспай-ақ, құрылғы көмегіне жүгіне алады


Бүгін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында ашылған бірегей томотерапия орталығы әлемнің небәрі 8 елінде ғана қолжетімді. Қатерлі ісік ауруын емдеуде сәулелік терапия жүргізетін құрылғының арқасында дертіне дауа іздеген науқастар енді елімізде де емделе алады. Мұнда күніне 100 адам, жылына 12 мыңға дейін адам қабылдау мүмкіндігі бар. Айта кетейік, барлық шығынды міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры өтейді. Жоба инвесторы – түркиялық компания, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Бұл құрылғының мүмкіндіктері өте көп. Томотерапия, гаммо, кибер пышақ функцияcы қарастырылған. Біздің мамандар 1 ай бойы арнайы оқыту курстарынан өтіп, науқастарды қабылдауға дайындалады. Отандық медицина саласы үшін бұл үлкен жетістік деп санаймын»,– деді Қазақ онкология және радиология ҒЗИ басқарма төрайымы Диляра Қайдарова.



Еліміздің Сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның Түркиядағы елшілігі өкілдері, шетелдік инвесторлардан құралған делегация келесі кезекте Индустриалды аймақтан бой көтеретін жаңа зауыттың іргетасын қалады. Сэндвич-панельдер өндіру зауыты жылына 1 миллион шаршы метрге дейін өнім шығаруға ниетті. Жоба құны – 3,7 миллиард теңге, мұнда 100-ге жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде.


Индустриалды аймақта негізі қаланған металл қоршаулар шығаратын зауыт 2023 жылы пайдалануға беріліп, 25 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етпек. Кәсіпорын жылына 12 мың тонна жол қоршауларын және 15 мың тонна ыстық мырыштау бұйымдарын өндіруге қауқарлы.


Айта кету керек, бүгінде Қазақстанда Түркиядан келген инвесторлардың қатысуымен 50-ден астам инвестициялық жоба сәтті жүзеге асырылған.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Томотерапия #сәулелік терапия #орталық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы референдумға дайын: 15 наурызда 654 сайлау учаскесі ашылады

Бүгін 14:03

Алматыда қызылшамен ауырғандардың саны артты

Бүгін 12:30

Былтырмен салыстырғанда 10% төмен: Алматыда ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Бүгін 12:17

Оқушыларға вейп сатқан топ құрықталды

Бүгін 12:01

Бұл "қарапайым инфекция" емес. Әлназарова ата-аналарға үндеу жасады

Бүгін 11:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі